<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Білім туралы

(2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-3 баптар)

2-тарау. Білім беру жүйесін басқару

(4-9 баптар)

3-тарау. Білім беру жүйесі

(10-12 баптар)

4-тарау. Білім беру мазмұны

(13-25 баптар)

5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру

(26-39 баптар)

  • Показать изменения

6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері

(40-49 баптар)

7 тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі

(50-53 баптар)

8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу

(54-60 баптар)

  • Показать изменения

9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету

(61-64 баптар)

  • Показать изменения

10-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет

(65-66 баптар)

11-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

(67-бап)

12-тарау. Қорытынды ережелер

(68-бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны;

  • Показать изменения

2) академия - мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми-зерттеу қызметін және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

  • Показать изменения

4) бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

  • Показать изменения

5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

  • Показать изменения

6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

  • Показать изменения

7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік оқу орындарында күндізгі оқыту нысанында оқуы және мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлерінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуі үшін тағайындайтын стипендиясы;

  • Показать изменения

8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • Показать изменения

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • Показать изменения

10) білім беру гранты - кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

  • Показать изменения

12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

  • Показать изменения

13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

  • Показать изменения

14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

15) білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • Показать изменения

16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу - білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі;

  • Показать изменения

17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;

  • Показать изменения

18) гимназия - білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

19)  докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;

  • Показать изменения

20) доцент, профессор:

  • Показать изменения

тиісті жоғары оқу орны беретін академиялық атақтар;

  • Показать изменения

жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымының өтініші бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;

  • Показать изменения

21) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

  • Показать изменения

23) инновациялық университет - инновациялық қызметтің толық циклін, іргелі және іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және өндіріске ғылыми-зерттеулер нәтижелерін енгізуді іске асыруға қабілетті ғылыми-білім беру кешені;

  • Показать изменения

24) интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары - білім беру деңгейі мен мазмұнының үздіксіздігін және сабақтастығын ескере отырып әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;

  • Показать изменения

25) институт - мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

26) институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жөніндегі қызметін бағалау;

  • Показать изменения

27) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау нысаны;

  • Показать изменения

28) интернаттық ұйымдар - жатын орны беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

  • Показать изменения

29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

  • Показать изменения

30) кәсіптік даярлықты бағалау - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының кәсіптік даярлығы деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесін айқындау;

  • Показать изменения

31) кәсіптік лицей - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

32) кәсіптік оқыту - техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын кәсіптік білім беру жүйесінің бір бөлігі;

  • Показать изменения

33) кешенді тестілеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

  • Показать изменения

34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;

  • Показать изменения

35) колледж - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

36)  кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

  • Показать изменения

37) қабылдау квотасы - І, ІІ топтағы мүгедектер, жеңілдектер мен кепілдектер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына кабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны;

  • Показать изменения

38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

  • Показать изменения

39) қосымша білім беру - білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі;

  • Показать изменения

40) лицей - негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

41) магистр - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

  • Показать изменения

42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

  • Показать изменения

43) мемлекеттік аралық бақылау - оқыту сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі;

  • Показать изменения

44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;

  • Показать изменения

45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;

  • Показать изменения

46) оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

  • Показать изменения

47) оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

  • Показать изменения

48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;

  • Показать изменения

49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;

  • Показать изменения

50) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • Показать изменения

51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;

  • Показать изменения

52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

  • Показать изменения

53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

  • Показать изменения

54) университет - мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша (медициналық университет - екі және одан да көп) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметі саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын оқу орны;

  • Показать изменения

55) училище - негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және мәдениет пен өнер саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  • Показать изменения

56) ұлттық бірыңғай тестілеу - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;

  • Показать изменения

57) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор - тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін жоғары академиялық дәрежелер;

58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

  • Показать изменения

59) экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

  • Показать изменения

60) эксперименттік алаң - жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

  • Показать изменения

61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

  • Показать изменения

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

  • Показать изменения

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

  • Показать изменения

8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

  • Показать изменения

2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Білім беру жүйесін басқару

 

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

  • Показать изменения

2) білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;

  • Показать изменения

4) әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

  • Показать изменения

5) білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу тәртібін және оның қолданылу мерзімдерін айқындайды;

  • Показать изменения

7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережелерін және Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

8) біліктілік талаптарын және Білім беру қызметін лицензиялау ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

9) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін анықтайды;

  • Показать изменения

10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;

  • Показать изменения

11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

  • Показать изменения

12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамның тәрбиесіне, оқуына және кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқан жекелеген білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді және Инновациялық университет туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

13) мемлекеттік басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

  • Показать изменения

14) білім беру мониторингін жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

15) «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған Үміткерлерді іріктеу ережелерін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

18) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережелерін бекітеді;

21) Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

22) Жұмыс көрсеткіштері жоғары мемлекеттік білім беру мекемелеріне гранттар беруге арналған мемлекеттік конкурстарды өткізу ережелерін және оларды пайдалану тәртібін бекітеді.

  • Показать изменения

23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестациядан өткізу және қызметтен босату тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 24), 25), 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;

  • Показать изменения

25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;

  • Показать изменения

26) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекітеді;

  • Показать изменения

27) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің тәртібін бекітеді;

  • Показать изменения

28) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекітеді;

  • Показать изменения

29) қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

  • Показать изменения

30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:

  • Показать изменения

1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайын баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру (медициналық және фармацевтік білім беруден басқа) стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, білім берудің барлық деңгейінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) конкурстық іріктеу тәртібі мен критерийлерін бекітеді және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттердің конкурсын өткізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны және (немесе) қосымшаларды:

  • Показать изменения

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;

  • Показать изменения

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға;

  • Показать изменения

рухани білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (діни оқу орындары);

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын халықаралық және шетелдік заңды тұлғаларға береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтік білім беруді қоспағанда), сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін әзірлейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12) ұлттық бірыңғай тестілеуді, сондай-ақ кешенді тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының деңгейі бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындайды және кәсіптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу уақытын айқындайды;