|
|
|
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін (2005.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 шілдедегі № 976 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың осы ережесi (бұдан әрi - ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген. 2. Олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) және түрi (институт, академия, университет) бойынша мәртебесiн мемлекеттiң тануы мақсатында, түлектерге білімi туралы мемлекеттік үлгідегi құжатты беру құқығы бар білім беру бағдарламаларының тiзбесi белгіленiп білім беру қызметiн жүргiзу құқығы берiлген лицензиясына сәйкес кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдары (бұдан әрi - білім беру ұйымдары) мемлекеттік аккредитациядан (бұдан әрi - аккредитация) өтедi. 3. Қазақстан Республикасының аумағына құрылған халықаралық және шетелдiк білiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына қойылатын шарттар және тәртiппен мемлекеттік аккредитациядан өтедi. 4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрi - аккредитациялық орган) аккредитациялық орган бекiткен білiм беру ұйымдарының үлгiсi мен түрі көрсеткiштердiң тiзбесi мен бағалау өлшемдері мемлекеттік аттестацияның нәтижесi бойынша аккредитацияланатын білім беру ұйымының қызметiн бағалау негiзiнде жүзеге асырады. 5. Аккредитациялық орган Қазақстан Республикасының аккредитацияланған білім беру ұйымдарының тiзiмiн жүргiзедi және олардың тiзбесiн Еуропа аймағындағы (Лиссабон, 1997 ж.) Жоғары бiлімге қатысты біліктiлiктi тану туралы конвенцияның қағидаларына сәйкес Академиялық тану мен ұтқырлық мәселелерi жөніндегі еуропалық ұлттық ақпарат орталықтары желiсiне жібередi. 6. Білім беру ұйымдарын аккредитациялау мәселелерін алқа алдында және жариялы түрде қарау үшін аккредитациялық орган консультативтік-кеңесші орган - Білім беру ұйымдарын аккредитациялау жөніндегі кеңес (бұдан әрі аккредитациялық кеңес) құрады, оның құрамына мемлекеттік органдар мен мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіреді. Аккредитациялық кеңес туралы ережені аккредитациялық орган бекітеді. 2. Мемлекеттік аккредитацияны жүргізудің тәртібі 7. Аккредитация алу үшін білім беру ұйымдары аккредитациялық органға мынадай құжаттарды: 1) аккредитациялық орган бекіткен нысан бойынша өтiнiшті; 2) білім беру қызметiн жүргiзуге құқық беретiн лицензияның көшiрмесiн; 3) мемлекеттік аттестациялаудың нәтижесi туралы қорытындыны; 4) аккредитациялық орган бекiткен нысан бойынша білім беру ұйымының қызметiн кешендi бағалауға арналған ақпаратты тапсырады. 8. Аккредитациялық органның білiм беру ұйымдарының құжаттарын қарау және шешiм қабылдау мерзiмi үш айдан аспауға тиiс. 9. Аккредитациялық орган білiм беру ұйымдарының өтiнiштерiн қарау процесiнде олардың қызметiн кешендi бағалау үшiн ұсынылған ақпараттың дұрыстығын анықтау мақсатында білiм беру ұйымдарының құжаттарын тексерудi жүргiзедi. 10. Білiм беру ұйымдары тапсырған құжаттарды, сондай-ақ тексеру нәтижелерiн қарау аккредитациялық кеңестiң отырыстарында жүзеге асырылады. 11. Білім беру ұйымы тапсырған құжаттар мен тексеру материалдарын қарау нәтижелерi бойынша аккредитациялық кеңес мынадай ұсынымдар бередi: білім беру ұйымын аккредитациялау; білім беру ұйымын аккредитациялаудан бас тарту. 1) осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес талап етілетiн барлық құжаттар тапсырылған; 2) құрылтай құжаттарында мәлiмденген білiм беру ұйымының үлгiсi мен түрi білім беру ұйымының үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрi (университет, академия, институт) бойынша аккредитациялауға арналған бағалау көрсеткiштерi мен өлшемдерiне сай болған; 3) мемлекеттік аттестациялау комиссиясының осы білім беру ұйымында жоғары кәсiптiк білімнiң барлық мамандықтары бойынша және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң барлық ғылыми мамандықтары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымына "аттестациялансын" деген шешімі болған шарттар орындалған жағдайда аккредитациялау туралы оң шешiм қабылданады. 1) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмесе немесе тапсырылған құжаттарды тексеру барысында күмәнді мәліметтер анықталса; 2) құрылтай құжаттарында мәлiмденген білiм беру ұйымының үлгісi мен түрi университет, академия немесе институт түріндегі білiм беру ұйымын аккредитациялауға арналған бағалаудың негізгі көрсеткiштерінің тізбесі мен өлшемдеріне сәйкес келмесе; 3) мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мамандар даярлауды жүзеге асыратын осы бiлім беру ұйымында жоғары кәсіптiк бiлімнің бір және бірнеше мамандығы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білімнiң бір немесе бірнеше ғылыми мамандығы бойынша білім беру ұйымы "аттестацияланбасын" деген шешiмi болса, аккредитациялау туралы терiс шешiм қабылданады. Білім беру ұйымы көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде аккредитациялау туралы өтініш жалпы негізде қаралады. 14. Аккредитациялау туралы түпкiліктi шешiмдi аккредитациялық орган қабылдайды және бұйрықпен бекiтедi. Оның негiзiнде білім беру ұйымына 5 жыл мерзiмге аккредитациялау туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) берiледi. 15. Аккредитациялау туралы куәлiк білім беру ұйымының үлгiсi (жоғары оқу орны) және түрi (институт, академия, университет) бойынша белгiлi бір мерзiмге мәртебесiн және білім беру ұйымының өз түлектерiне белгiленген мамандықтар тiзбесi бойынша білімi және біліктiлiгiнiң тиiстi деңгей (сатысы) туралы мемлекеттік үлгiдегi құжат беру құқығын растайтын ресми мемлекеттік құжат болып табылады. Куәлiк бланкiнiң нысанын және оған қосымшаның нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін аккредитациялық орган белгiлейдi. Аккредитациялық орган куәлiктер мен қосымшалардың бланктерiн жасауды, қатаң есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi. 16. Кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңестер мен оқу-әдiстемелiк бірлестiктер тек қана аккредитацияланған білім беру ұйымдарында құрылады. 17. Ғылыми-педагогикалық кадрларды аспирантура және докторантура нысанында даярлауға мемлекеттік тапсырысты аккредитацияланбаған бiлім беру ұйымдарында орналастыруға рұқсат берiлмейдi. 18. Куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм ресiмделген күнiнен бастап бір ай мерзiмде білім беру ұйымына берiледi. 3. Куәліктiң қолданылуын тоқтата тұру және керi қайтарып алу 19. Білім беру ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, бұрын берiлген аккредитациялау туралы куәлiк аккредитациялық органның бұйрығымен күшi жойылды деп танылады, бұл туралы аккредитацияланған білім беру ұйымдардың тiзiлiмiне тиiстi жазба жасалады. Куәлiк күшiнде болған кезінде білім беру ұйымын тарату немесе қайта ұйымдастыру жүргiзiлген жағдайда, ол аккредитациялық органға тиiстi ақпарат беруге және білім беру ұйымын тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап бір ай мерзiмде куәлiктi қайтаруға тиiстi. Білім беру ұйымын қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған, білім беру қызметiн жүргiзу құқығының лицензиясына сәйкес жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жалпыға бірдей негiзде аккредитациядан өтедi. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Аккредитациялық орган мынадай жағдайда өз бұйрығымен өзi берген куәлiктің қолданылуын тоқтата тұрады немесе күшін жояды (білім беру ұйымын аккредитациядан айырады): 1) Құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшының өкілеттігін жүзеге асыратын орган тиiстi өтініш ұсынған; 2) білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған не оны керi қайтарып алған. 21. ҚР Үкіметінің 24.01.02 ж. № 98 қаулысымен алып тасталды 22. Аккредитациялау туралы куәлiк алған немесе куәлiгi керi қайтарып алынған білiм беру ұйымдары туралы ақпаратты аккредитациялық орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға бередi. 23. Оның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлардың өзгеруiне байланысты аккредитациялық кеңестiң ұсынымы негiзiнде аккредитациялық органның бұйрығымен, қолданылуы қайтадан жаңалануы мүмкiн. Аккредитациялық органның тиiстi шешiмi қабылданған күнiнен бастап бір ай мерзiмде білім беру ұйымдарының, құрылтайшының (құрылтайшылардың) назарына жеткiзiледi. 24. Куәлiк жоғалған кезде аккредитациялық орган білім беру ұйымының өтiнiшi негiзiнде оған аккредитациялау туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi. 25. Білім беру ұйымы аккредитациялау туралы немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiмге заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |