Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидалары бекітілсін. 2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын. 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 5 қарашадағы № 297 «Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген, 2005 жылдың 17 қаңтарында № 5 (811) «Заң газеті» газетінде жария етілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 5. Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты ведомстволық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е.Омаровқа жүктелсін. 7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2011 жыл 6 қазанда
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|