Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы (2022.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.01.12. № 346 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7269 болып тіркелген, 2011 жылдың 7 желтоқсанында № 596-600 (26992) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|