Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2011.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын және «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды; 2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|