Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 3-тармақта: 2) тармақшадағы «ұйымдастыру.» деген сөз «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) осы қаулының қосымшасына сәйкес мамандандырылған баспаханада мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін өте құпия және құпия құжаттар, кітаптар, нұсқаулықтар, брошюралар, бюллетендер, журналдар мен басқа да басылымдар (арнайы баспа өнімдері) және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таралымы шектеулі баспа өнімдерін әзірлеу.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Қызмет бабында пайдалану үшін.»; осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|