Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін сынақтан өткізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 447 бұйрығымен күші жойылды
Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін сынақтан өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін сынақтан өткізу үшін: 1) орта білім - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары; 2) техникалық және кәсіптік білім - Ақмола, Павлодар облыстары пилоттық өңірлер ретінде анықталсын. 2. Осы бұйрықтың 1-тармағында анықталған өңірлердің білім беру басқармаларының бастықтары: 1) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін сынақтан өткізу үшін пилоттық аудандарды анықтасын; 2) ауданның білім бөлімінде сынақтан өткізуді ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты адамды анықтасын; 3) сынақтан өткізсін; 4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2012 жылдың жарты жылдық қорытындылар бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде сынақтан өткізу туралы ақпаратты ұсынсын. 4. Қоса беріліп отырған орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін. 5. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаментіне (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|