Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы (2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3)тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін: 1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»; 4) «Мұрағаттық анықтамалар беру». ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс 227-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет), интернет-ресурсы: www.mсі.gov.kz, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: толық автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mсі.gov.kz орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет: а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес жұмыс күні ішінде; б) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш тіркелген сәттен бастап - он бес жұмыс күні ішінде; в) мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы электрондық сұраныс берілген сәттен бастап - он бес жұмыс күні ішінде; 2) өтініш беруші тіркелген кезде өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 5 минут; 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 5 минут. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алынатын алымның ставкасы: 1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті; 2) өзге де тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін төленетін алымның ставкасы: 1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын 1,6 айлық есептік көрсеткішті; 2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлікті қайта рәсімдеу тегін жүзеге асырылады. Алым Қазақстан Республикасының банктері арқылы төленеді, олар ақының мөлшері мен күнін растайтын түбіртек береді. 9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-дан 18.00-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу Комитеттің жұмыс кестесі бойынша жүргізіледі. 10. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш нысан бойынша (осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес); 2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; 3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 4) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке алу үшін, (меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің аты, басылымның тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігінің өзгеруіне байланысты) тұтынушы: 1) белгіленген үлгідегі өтініш нысан бойынша (осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес); 2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, құрылтайшылық құжаттары; 4) бұрын берілген мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы; 5) меншік иесі өзгерген жағдайда, осы өзгерістерді растайтын құжаттар талап етіледі; 6) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін иеленуші құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шартты қоса береді. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлікті жоғалтып алуына байланысты телнұсқаны алу үшін тұтынушы: 1) жоғалу себептерін көрсете отырып еркін нысанда жазылған өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін; 3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 4) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжатты қоса береді. Тұтынушы портал арқылы өтініш білдіргенде электронды сұраныс өтінушінің электрондық қолтаңбасымен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген құжаттар сканерленген түрде қоса беріледі. 12. Өтініштер үлгісі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына: www.mсі.gov.kz орналастырылады. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұраныс нысаны толтырылады. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мына мекенжайға тіркеуге жіберіледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 14-кіреберіс, 224-кабинет, телефон: (7172) 74-04-71. Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгісінде жүргізіледі. 14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын растайды. Тұтынушының электронды жәшігіне немесе порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып хабарлама есеп жолданады. 15. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктер тұтынушыға портал арқылы беріледі немесе пошта арқылы жолданады. 16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы, мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Құжаттар дұрыс рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде тұтынушыға бас тарту себебі көрсетіле отырып құжаттары қайтарылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет қызметтерді тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау; 3) сыпайылық; 4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну; 5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Комитеттің уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Комитеттің Баспа бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 207-кабинет, телефон: (7172) 74-04-82 түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі. 21. Қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz. 22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда Комитет төрағасының атына шағым беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс, 231-бөлме. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы. 24. Шағым еркін нысанда рәсімделеді. Тұтынушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді: 1) тегі, аты, әкесінің аты; 2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы; 3) шағымның мәнін баяндау; 4) жеке қолы және күні. Қажет болған жағдайда, тұтынушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді. 25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі, шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді. 26. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.mсі.gov.kz. «Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасына _____________
Өтініш
Сізден______________________________________________________________________________________ мерзімді баспасөз басылымын (атауы) немесе ақпарат агенттігін есепке алуды (қайта есепке алуды, телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын (мерзімді баспасөз басылымы үшін түрі көрсетіледі). Меншік иесінің атауы, заңды мекен жайы (тел)______________ ______________________________________________________________________________________________________________________ Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің атауы ______________________________________________________________________________________________________________________ Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің тілі ______________________________________________________________________________________________________________________ Жиілігі ________________________________________________________________________________________________________________ Тақырыптық бағыты ____________________________________________________________________________________________________ Таралу аумағы _________________________________________________________________________________________________________ Редакцияның мекен жайы _______________________________________________________________________________________________ Бас редактордың Т.А.Ә. _________________________________________________________________________________________________ Қолы, күні, мөрі «Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|