ҚР Қөлік және коммуникация министрінің м.а. 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 603 бұйрығына 3-қосымша
«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру»
1. Осы «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады: 1) мемлекеттік қызмет - шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру; 2) рұқсат - шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат; 3) тұтынушы - мемлекеттік қызметті көрсету өтініші уәкілетті органға келіп түскен Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке және заңды тұлға; 4) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі. 2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысымен бекітілген «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. 3. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|