Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының негізінде жүзеге асырылады. 4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz «Ақпараттық материалдар» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады, сондай-ақ ресми ақпарат құқықтық ақпарат қызметінің телефоны: (87172) 58-00-58 арқылы ұсынылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті бизнес-сәйкестендіру нөмірі мен салық төлеушінің куәлігімен (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) бірге қағаз тасығышта ұсыну болып табылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден), филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартылған жағдайда ұсынылған құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне берілген сілтемесімен қағаз тасығышта дәлелді жауап беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет олардың құрылу мақсатына, түріне және қызметінің сипатына, қатысушыларының (мүшелерінің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасында құрылатын барлық заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: тұтынушылардың осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Комитетке немесе Орталыққа тапсырған сәтінен бастап: шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне салық органдарында тіркеу мерзімдері кірмейді. мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш (қолхат алған сәттен бастап): мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не өзінің қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қайтарып беру: шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын және өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне төртінші жұмыс күніне бір мезгілде жүргізіледі; өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне сегізінші жұмыс күніне жүргізіледі; жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне он төртінші жұмыс күніне жүргізіледі. өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру: шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне бесінші жұмыс күніне бір мезгілде жүргізіледі; өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тоғызыншы жұмыс күніне жүргізіледі; жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне он төртінші жұмыс күніне жүргізіледі (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сауал беру көзделмеген. 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеппен ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік тіркеу алымы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берген орны бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген мөлшерде және төлеген күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банкі мекемелері арқылы төленеді. 9. Комитетте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліс уақытымен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін құжаттарды күн сайын қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Орталықтарда мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктер үшін бір сағаттық түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Комитет осы стандарттың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметті анықтама ақпараты, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдай жасалған кабинетте көрсетеді. Орталықтар осы стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметті заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған ғимаратында көрсетеді. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жасау, Комитетте және Орталықта жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында ұсыныстар мен шағымдар журналы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар Комитетке мынадай құжаттар: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлғаның жарғысы немесе ережесі, (өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) не филиалдың немесе өкілдіктің ережесін; 3) жиналыс (конференция, съезд), (тек діни және қоғамдық бірлестіктер үшін) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының хаттамасын; 4) бастамашы- азаматтардың тізімін (тек қоғамдық және діни бірлестіктер тегі, аты, әкесінің аты; туған күні, айы, жылы; тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефоны; жеке қолтаңбасы көрсетіледі). 5) басқару органы мүшелерінің аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетілген тізімін (тек қана діни бірлестіктер үшін); 6) заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешімін; 7) тұрған жерін растайтын құжатын; 8) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртегі немесе құжатын. 9) заңды тұлғаның басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелерін ұсынады. Шетел қатысатын заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша: 1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды үзінді көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге; 2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. Республика шеңберінен тыс басқарушы орталығы бар діни бірлестіктер қосымша: 1) мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған шетел орталығының жарғысының көшірмесі; 2) діни орталық өз елінің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған тізілім көшірмесі немесе басқа құжат ұсынады. Діни басқармалар (орталықтар) негізін салған діни оқу мекемелерінің, мешіттерінің, монастрлердің және басқа да діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді. Тіркеу үшін діни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының оларды құру туралы шешімі ұсынылады. Саяси партиялар қосымша мыналарды ұсынады: 1) партия бағдарламасы; 2) партия мүшелерінің тізімі, құрамында олардың әрқайсысында тегін, атын, әкесінің атын, туған айы мен жылын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін, тұрған жерінің мекенжайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәні бар қаладағы және астанадағы кемінде алты жүз мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесі болуға тиіс. Тұтыну кооперативі азаматтар үшін - кооператив мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрған жері, заңды тұлға үшін - тұрған жері туралы, банк реквизиті және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетілген тізімді ұсынады. Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері қосымша кооператив мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген тізімін, сондай-ақ кооператив мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің суын пайдаланушылардың болуы туралы мәліметтерді ұсынады. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы кооператив мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және тұрған жері көрсетілген тізімді де ұсынады. Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілдік берген адам қол қояды. Мемлекет үлестік қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттік қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тілімін ұстаушының белгісі бар өтініш тапсырады. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады. Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеуге рұқсаты қосымша талап етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні банктік және сақтандыру қызметі болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі. Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Қызметінің мәні зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда уәкілетті органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда - заңды тұлғада салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат түрінде жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, жылжымайтын мүлікке құқықтардың жүргізілген тіркелуі туралы мөртабан қойылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжаты болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі. Ұйымдық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкілдіктерді тіркеу түріне байланысты құжаттар тізбесі осы стандарттың 11-тармағына сәйкес ұсынылады. 12. Мемлекеттік қызмет алуға өтініш Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысаны бойынша толтырылады. Бекітілген нысаны бойынша өтініш Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz «Ақпарат мәліметтер» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу» одан әрі «Өтініш үлгілері» бөлімдерінде орналастырылған. Комитетте белгіленген нысандағы өтініш бланкілері кабинеттегі арнайы тағандарда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орнатылады. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін Комитетте құжаттарды қабылдауды кезекші маман жүзеге асырады. Комитеттің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, 13- кіреберіс, 955-кабинет. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенің» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 14. Комитетте және Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы мына нысан бойынша мәліметтер: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған маманының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі. 15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушы өзі келу тәртібімен қабылдайды. Комитетте дайын құжаттарды тұтынушыға беруді маман осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес, онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайда, Комитет тұтынушы талап еткенге дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді. Орталықтарда дайын құжаттарды тұтынушыға беруді инспектор «терезе» арқылы онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді. 16. Комитет пен уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру және қайта ұйымдастыру тәртібі бұзылған кезде, табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған немесе онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мұрагері туралы ереже болмаған кезде немесе бір айлық есептік көрсеткіштен артық берешегі болған кезде, сондай-ақ егер құрылтайшы жұмыс істемейтін заңды тұлға болса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшы және (немесе) басшысы жұмыс істемейтін заңды тұлғалардың құрылтайшылар және (немесе) басшысы болса, және (немесе) іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті және (немесе) іс-түзсіз жоғалып кеткен деп танылса, және (немесе) қайтыс болған деп жарияланған, және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталған болса, және (немесе) жеке басын куәландыратын құжатын жоғалтқан болса заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартады. Комитет және уәкілетті орган құжаттар пакетін толық ұсынбаған, онда кемшіліктер болған кезде, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу үзіледі.
17. Комитет, уәкілетті органдар мен Орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) заңдылық; 2) сыпайылық; 3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну; 5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақытында ұсынылуы; 6) тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету; 7) тұтынушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызметті көрсететін Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметінің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін тұтынушы телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтың басшыларына жүгінеді. 21. Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/. Уәкілетті органдар көрсеткен қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша немесе электронды нысанда (krs.opp@minjust.kz) пошта арқылы немесе қолмен жеткізу арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 13-кіреберіс, 1021 кабинет, кеңсе телефоны 8 (7172) 740768, Комитет Төрағасының қабылдау телефоны 8 (7172) 740276, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының телефоны 8 (7172) 740229. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, сағат 13:00-ден 14:30 аралығында түскі үзіліспен сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін. 22. Мемлекеттік қызметті Комитет және уәкілетті органдар тікелей ұсынады. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым беру тәртібі осы стандартқа 21-тармақта көзделген тәртіпке сәйкес келеді. 23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым беру кезінде мемлекеттік құпияларды немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қоспағанда, тұтынушылар шағымды қарауға қажетті маңызы бар құжаттары мен басқа да материалдарын қоса береді. 25. Қолма-қол келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады. Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. |