«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 102/4 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 745 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің стандартын бекіту туралы» № 976 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің ұсынылып отырған регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2012 жылғы 01 қазандағы № 274/10 қаулысымен бекітілді
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады: мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар; тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға; басқарма - «Павлодар облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|