Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекітілсін. 2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына 1-қосымша
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер: 1) Мәмілелерді куәландыру; 2) Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру; 3) Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру; 4) Некелік келісім-шарттарды куәландыру; 5) Өсиеттерді куәландыру; 6) Сенімхаттарды куәландыру; 7) Кепілгерлік шарттарын куәландыру; 8) Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру; 9) Мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау; 10) Мұраға құқық туралы куәліктер беру; 11) Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру; 12) Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою; 13) Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру; 14) Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|