Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы (2024.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2019.29.03. № 149 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекітілсін. 2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы 9№ 31 бұйрығына 1-қосымша
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ереже
ҚР Әділет министрінің 2019.29.03. № 149 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.29.02. № 103 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.29.03. № 149 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2019.20.08. № 441 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2021.30.04. № 359 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы Қағидалар: 1) мәмілелерді куәландыру; 2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру; 3) келісулерді куәландыру; 4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру; 5) неке шарттарын куәландыру; 6) алимент төлеу туралы келісімін куәландыру; 7) өсиеттерді куәландыру; 8) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау; 9) сенімхаттарды куәландыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|