ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 390 бұйрығына 3-қосымша
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»
1. Осы «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтыру мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - стандарт) мекенжайлары стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) уәкілетті органда: қайтыс болуды тіркеу және қайтыс болғаны туралы куәлікті қағаз тасымалдағышта беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап беру болып табылады. Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға құжатты берген уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен бекітілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген жаңа куәлік, не қағаз тасымалдағышпен дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. 2) орталықта: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|