Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі - ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі туралы келісім-шарттың тараптары туралы ақпараты бар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорының бөлігі; 2) өтініш беруші - тіркеуші органға кепілді тіркеу туралы өтінім берген жеке немесе заңды тұлға, немесе құзіретін растайтын құжаттары бар олардың өкілдері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|