Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 370 қаулысына 1-қосымша
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»
Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; 2) тұтынушы - жеке тұлға; 3) УО АЖ - уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабының 3-тармағының 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметінің регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт. Мемлекеттік қызметінің регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді. 3. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|