Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары; 2) мына: тауар биржасының кепілдік беру қорының мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшері; сақтандыру қорына тауар биржасы мүшесінің міндетті жарнасының мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1644 қаулысымен бекітілген
Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|