|
|
|
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі бөлігінде темекі өнімдерін өндіруге лицензия беруге келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін. 3. «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 296-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»; 1-тармақ алынып тасталсын. 4. Қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымша
1. Темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық: мыналар: 1) жабдықтың атауы _____________________________________________________________________________________________; 2) түрі _________________________________________________________________________________________________________; 3) маркасы _____________________________________________________________________________________________________; 4) жабдықтың өнімділігі __________________________________________________________________________________________; 5) саны ______________________________________________________________________________________________________; 6) жабдықты сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі мен күні _________________________________________________________; 7) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні _________________________________________________________________ көрсетілсін. 2. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары: мыналар: 1) өлшеу құралының атауы ________________________________________________________________________________________; 2) түрі __________________________________________________________________________________________________________; 3) маркасы ______________________________________________________________________________________________________; 4) саны _________________________________________________________________________________________________________; 5) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні __________________________________________________________________ көрсетілсін. 3. Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар: Болған кезде мыналар: 1) аккредиттеу аттестатын (куәлігін) берген орган _______________________________________________________________________; 2) аттестаттың (куәліктің) қолданыс мерзімі ____________________________________________________________________________; 3) аккредиттеу (аттестаттау) саласы ___________________________________________________________________________________; 4) аккредиттеу аттестатының (куәлігінің) нөмірі және күні _______________________________________________________ көрсетілсін; 5) берген орны __________________________________________________________________________________________________. 4. Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі: мыналар: 1) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімнің дәл және толық атауы _________________; 2) тауар белгісін тіркеу нөмірі және күні ________________________________________________________________________ көрсетілсін. 5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар: техникалық құжаттаманың болуы көрсетілсін: 1) стандарттың нөмірі және күні ______________________________________________________________________________________; 2) техникалық регламенттің нөмірі және күні ___________________________________________________________________________; 3) технологиялық нұсқаулық нөмірі және күні (болған кезде) _________________________________________________________________________________________________________________; 4) басқа құжаттама (болған кезде) ____________________________________________________________________________________.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |