Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2011.27.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.27.12. № 1613 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2011.27.12. № 1613 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 3-тармақтағы «15,» деген сандар алынып тасталсын; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 301-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат). 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.27.12. № 1613 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысымен бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналдардың болуын көздейді: 1) «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өнідіріс паспортының; 2) техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың; 3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету санасындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жабдықтардың және өлшем құралдарының; 4) темекі өнімдерін өндіруді технологиялық бақылау жөніндегі зертхананың; 5) темекі өнімдерін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау шарттары нормативтік құқықтық актілерді талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайлардың; 6) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімдер тізбесінің; 7) темекі өнімдерін өндіру үшін қажетті меншік құқығында немесе өзге де құқықтарды өтініш берушіге тиесілі өндіруге және сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайлардың; 8) санитарлық-гигеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы киімдердің және басқа да қорғаныш құралдардың
|