ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 101 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 42 бұйрығына 4-қосымша
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу»
1. Осы «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді. 3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны - автоматтандырылмаған. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Заңының 8-бабының 9) тармақшасының; «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 Қаулысының; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет Стандартының негізінде көрсетіледі. 5. Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу беру, оны беруден не бас тарту себептері туралы куәлікті не болмаса телнұсқасы немесе Стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздеме бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесiнде болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде басқа органдардың қатысуы көзделмеген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету талаптары
7. Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 бөлме, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07, факс: 24-47-94, веб-сайт: www.comprom.kz. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|