Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 3/553 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысымен бекітілді
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру»
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы регламенттің 1 қосымшасында мекенжайы көрсетілген «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші) «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі. Алматы қаласы әкімдігінің 2013.05.12. № 4/1047 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қызмет 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 20-бабының 3) тармақшасына және 48 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде көрсетіледі. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат қызмет берушінің интернет-ресурсында www.almatyeco.kz орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|