Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысымен бекітілді
Осы редакция 2013 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру»
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы регламенттің 1 қосымшасында мекенжайы көрсетілген «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші) «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі. 2. Қызмет 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 20-бабының 3) тармақшасына және 48 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде көрсетіледі. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат қызмет берушінің интернет-ресурсында www.almatyeco.kz орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|