Қазақстан Республикасының (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) басылымның міндетті тегін данасы - басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кітапханаларға беруіне жататын, редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар басылымның (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) данасы; 1-1) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері фильм және (немесе) киношежіре шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми-зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді, фильмнің және (немесе) киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға; 1-2) киношежіре - уақыттың, орынның, мән-жайдың өзіндік (көбінесе өткен шақтағы) ерекшеліктерін сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректі сюжеттердің түсірілімдері; 1-3) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары; 2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны; 3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы; 4) мәдениет - адамзат жасаған әрі жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы; 5) мәдениет қызметкері - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам; 6) мәдениет саласындағы әлеуметтік мәнді іс-шаралар - республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерін, мәдениет күндерін, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткізу жөніндегі іс-шаралар және көрнекті мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру; 7) мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөніндегі қызметі; 8) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені; 9) мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық атқарушы орган; 10) мәдениет ұйымдары - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар; 11) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім; 12) мәдени құндылықтар - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар; 13) мәдени қызмет субъектілері - мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және азаматтар; 14) ұлттық мәдени игілік - Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар мәдени құндылықтар; 15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ұстау, қалпына келтіру, қорғау және пайдалану жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар; 16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық - мәдени игіліктің тізбесі; 16-1) фильм - шығармашылық ниеттің негізінде кез келген нысанда және әртүрлі жанрда жасалған, кинотаспаға, магниттік таспаға немесе жеткізгіштердің өзге де түрлеріне жазылған және өзара реттілікпен байланысқан кадрларды біртұтас тақырыпқа біріктірген бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын және тиісті техникалық құралдардың көмегімен естіп-көруге арналған дыбыстау-бейнелеу туындысы; 16-2) фильмге дубляж жасау - қатысушы адамдардың буындық артикуляциясына сай келетін аударма жолымен фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін синхронды түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет; 16-3) Фильмдердiң мемлекеттiк қоры — Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, ұлттық фильмдердi, бiрлесiп түсiрiлген фильмдердi, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 16-4) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмi — прокатталуы және көпшiлiкке көрсетiлуi (демонстрациялануы) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi; 16-5) фильмдi прокаттау — көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау), телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) тарату, жалға беру, сондай-ақ өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсiлмен фильмдi тарату; 16-6) фильмнiң таралымын көбейту — тарату мақсатында жеткiзгiштiң кез келген түрiнде және түпнұсқа форматында фильмнiң бiр немесе одан көп көшiрмесiн (таралымын) дайындау; 16-7) фильм шығару — нәтижесiнде дыбыс-бейне туындысы жасалатын автордың шығармашылық ниетiн iске асыру процесі; 17) шығармашыл қызметкер - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам; 18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет; 19) шығармашылық одақ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері: 1) мәдениетті мемлекеттік қолдау, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; 3) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету; 5) қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту; 6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау; 7) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру; 10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін қамтамасыз ету болып табылады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері: 1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау; 3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау; 4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету; 5) халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу; 6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту; 7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету; 8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану; 9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану; 10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау; 11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) мәдениетті дамытудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекітеді; 3) мәдениет саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын бекітеді; 5) мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережелерін айқындайды; 6) Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiтедi; 8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды; 9) әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларында мәдениет саласындағы басым бағыттарды ескереді; 10) мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру тәртібі мен ережелерін белгілейді; 11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады; 12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді; 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады, Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды; 2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады; 3) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 4) мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 5) ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді; 6) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 7) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді; 8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді; 9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады; 9-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар енгізеді; 10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді; 11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді; 12) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, мен фестивальдер сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды; 12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді; 13) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындайды; 14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерін бекітеді; 16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді; 17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады; 18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді; 19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді; 21) көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережелерді бекітеді; 22) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді; 23) Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сарапшы комиссия туралы ережені бекітеді; 24) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды іске асыру жөнінде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 26) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіріп, қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірлейді; 27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді; 28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлейді және бекітеді; 29) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссия құрады; 30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі. 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 31) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 32) фильмдерге прокаттау куәліктерін береді және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алады; 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді; 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 34) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді; 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 35) фильмнің индексін айқындау критерийлерін әзірлейді және бекітеді; 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды 35-1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалардың тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы ретiнде пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiлердi келiседi не келiсуден бас тартады. 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананыңжергілікті атқарушы органының құзыреті Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы: 1) мәдениет саласында өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді; 2) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 3) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді; 4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады; 4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы; 5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құрады; 7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді; 8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады; 9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді; 10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады; 10-1) уәкілетті органмен келісе отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындайд 11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады; 12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды; 13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді; |