Cу қорғау аймақтары мен белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы (2014.19.08. берілген өзгерістермен)
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 134-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілген жобалық құжаттаманың негізінде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтарының ені 500 метр және белдеулерінің ені 35 метр болып белгіленсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық пайдалану режимі белгіленсін. 3. Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қала әкімдері және су қорын пайдалану және қорғау саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы (Ә.Қарлыханов - келісім бойынша) өз өкілеттіктері шегінде: 1) су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимінің сақталуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|