Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагері» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру; 2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде білім беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау; 3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткізу болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі «Астана» санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп белгiлесiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-156-жолмен толықтырылсын: «470-156. «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы»; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |