«Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасында: 9) және 10) тармақшалар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) мемлекеттік сынау - әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін көрсету»; 1-тармақтың жетінші, сегізінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»; 6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасының авиациялық кәсіпорындарында жасалған азаматтық әуе кемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудан өткеннен кейін оларды сериялық өндірістің алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттауға тиіс.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|