Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы (2010.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі - ТМККК) мыналар кіреді: 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; 2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол: медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|