Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрілігінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және бақылау қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Операциялық жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына: 1) Операциялық жоспарда көзделген іс-шаралардың мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсаттарына, міндеттері мен көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды қамтитын 2014 жылға арналған егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын 2014 жылғы 15 қаңтарға дейін әзірлесін; 3) Операциялық жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 10 дейін ұсынсын. 3. Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті Операциялық жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысына ай сайын есептіден кейінгі айдың 15 дейін кешіктірмей ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|