Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ішкі әскерлері туралы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «адам құрамымен», «адам құрамының», «адам құрамына», «адам құрамын» деген сөздер тиісінше «жеке құрамымен», «жеке құрамының», «жеке құрамына», «жеке құрамын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1 бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған. Ішкі әскерлердің туы және рәмізі болады. Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (2008.01.01 қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету; 2) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; 3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету; 4) сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару; 5) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу; 6) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау; 7) заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу; 8) ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу. Ішкі әскерлерге жүктелген міндеттерді орындауды: Ішкi әскерлердi әскери басқару органдары; жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер; маңызды мемлекеттік объектілер мен арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер; түзеу мекемелерін күзету және айдауылдау жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдер; арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер; Ішкі әскерлердің әскери полициясы; Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орны; Ішкі әскерлердің қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдер (оқу, байланыс және басқа); авиациялық әскери бөлім; арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді. Ішкi әскерлердi өздеріне заңдарда жүктелмеген міндеттерді орындау ісіне қатыстыруға тыйым салынады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды. IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-1; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Iшкi әскерлердің қызметiн ұйымдастырудың қағидаттары мен негiздерi Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, гуманизм, жеке адам құқықтарын сақтау және дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады. Әскерлерді тікелей басқаруды Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын Ішкi әскерлер құрамалары мен әскери бөлiмдерiнің командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.
09.12.98 ж. № 307-1 ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу тілі Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
2 бөлiм. Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының iшкi әскерлерге басшылық жасау жөніндегі өкiлеттiгi
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. № 208-II ҚР Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Президентi: - соғыс кезiнде iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды; Ішкi әскерлер Бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады; - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады; Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі: Ішкі әскерлердің ұйымдық құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын бекітеді; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды; - iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттік объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды; - берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттік объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi; - iшкi iскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi; өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II ; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: - iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады; - келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II ; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Iшкi iстер министрi: Ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады; Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен Ішкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткізу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады; Республика Үкіметінiң қарауына Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi; Ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын және штат санын Қазақстан Республикасыныә Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде айқындайды; Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады; Ішкі әскерлердің мерзімді әскери қызметшілерді шақыруды және Ішкі әскерлер қатарынан босатуды ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етеді; Ішкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынады; Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен шығарады, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын береді.
11.06.01 ж. № 208-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-1-бап өзгертілді 10-1-бап. Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы: Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады; әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді; бұйрықтар, директивалар және өкімдер шығарады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендетеді, подполковникті қоса алғанға дейінгілерді запасқа немесе отставкаға шығарады; Ішкі істер министріне Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді; әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүліктің қабылдануын қамтамасыз етеді, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады. Ішкі істер министріне Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді.
2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды 10-2-бап. Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы: өңірлік қолбасшылықтың бағынысты құрамалары мен әскери бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұрады; әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік даярлығына, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етеді; бұйрықтар мен өкімдер шығарады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін құрамалар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді; қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, келісімшарт бойынша капитанды қоса алғанға дейінгі әскери қызметшілерді запасқа немесе отставкаға шығарады және Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету жөнінде ұсыныстар енгізеді.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді ; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары: - өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта Ішкi әскерлердiң өңірлік қолбасшылықтарын, құрамаларын, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерін құру мен орналастыру жөніндегі Ішкi iстер министрінің ұсыныстарын қарауға қатысады; - iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге және келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi; - Ішкi әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ішкi әскерлерге әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жәрдем көрсетедi; - осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар; - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар Мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кездерінде Ішкi әскерлердің әскери бөлiмдері мен бөлiмшелері өз мiндеттерiн орындаған кезде оларды басқару үшiн байланыс желілерi мен арналарын тегiн бередi. Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлігінiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары: Iшкi iстер министрінің рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн пайдаланады; құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерiмен бiрлесiп, Iшкi әскерлердiң жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олардың санына қарай қызметтiк мiндеттердiң көлемiн айқындайды; әскери бөлiмдер мен iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды; iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген Ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің тіршілігіне тиiстi жағдайлар туғызады;
24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді 14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекiтетiн Ережеге сәйкес iшкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады. Әскери кеңестің құрамын Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының ұсынуы бойынша Ішкі істер министрі бекітеді. Әскери кеңес iшкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15-бап. Ішкі әскерлерді әскери басқару органдары Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті Ішкі әскерлерді әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады, әскерлердi тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгінде ұстап тұруға, Ішкі әскерлердің құрылысы және дамуы жоспарларын әзiрлеуге және iске асыруға, олардың ұйымдық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Ішкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін ұйымдастыруға арналған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, бірлескен іс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды. Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін белгілі бір аумақта жүзеге асыратын әскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.
3 бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді 16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады. Iшкi әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киім үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады. Iшкi әскерлер қызметкерлерінің еңбек жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. 09.12.98 ж. № 307-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді 17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет Ішкі әскерлер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке құрамнан жасақталады. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртібі, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртібі Әскери қызметтi өткеру ережелерімен, әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады. Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери ант қабылдайды. 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді 18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң хұқылық жағдайы Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi. Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актілерімен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерге жеке басын, қызмет жағдайын және әскери қызметте жүргенін куәландыратын жеке бастың куәлігі беріледі. 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда |