«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесін және «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесі және «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын: 1) мемлекеттік қызметтің анағұрлым талантты және тәжірибелі кадрларын даярлаудың, олардың рекрутингі мен кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізу; 2) мемлекеттік және өзге де ұйымдар персоналының жағдайын зерделеу; 3) консалтингтік қызметтер көрсету; 4) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды окыту; 5) бағдарламалық қамтамасыз етуді және web-порталдарды әзірлеу; 6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің теңгеріміндегі ғимараттарды пайдалану және оларға қызмет көрсету. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беруді; 2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-114-жолмен толықтырылсын: «21-114. «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 656 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 306-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 306. «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ». 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 53-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 53. «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы 100%»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» деген бөлім және реттік нөмірі 115-жол алынып тасталсын.
|