Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы (2014.26.09. берілген толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу гүлбақты жобалау мен салу үшін берілген Қабанбай батыр даңғылы, № 8 үйдің ауданында орналасқан жалпы ауданы 0,5312 га жер учаскесі 2013 жылғы 5 мамырда сатып алу жолымен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын. 2. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі, осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдап, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын. 3.Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін. 4. Меншік иесі алдағы уақытта жүргізілетін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім тәріптемелеріне бастама жасауға құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|