Ақтау қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 1 «2014 жылға Ақтау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 12.03.2014 жылғы № 02-17-567 ұсынысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтау қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 1 «2014 жылға Ақтау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2342 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 20-21(8530) «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; қаулының 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «6. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.». 2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|