Автомобиль жолдары туралы (2013.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам, оның міндеттері жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру болып табылады; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, концессия, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 3) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстіндегі белгiленген габарит шегіндегі әуе кеңiстiгi; 4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені; 5) автомобиль жолын жөндеу - ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені; 6) автомобиль жолын күрделі жөндеу - қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені; 7) автомобиль жолын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені; 8) автомобиль жолын орташа жөндеу - автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені; 9) автомобиль жолын реконструкциялау - автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі - жол учаскесі) - автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі; 10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) - ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері); 12) ауыр салмақты көлiк құралы - толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы; 13) габариті iрi көлiк құралы - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы; 14) жол бойындағы белдеулер - көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi; 15) жолға бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) жол қызметі - автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) жол қызметiн басқару - жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, ұлттық стандарттар мен озық технологияларды енгізу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19) жол органы - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 20) жол сервисі объектілері - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені - жүріп өту үшін ақы алуға арналған, автомобиль жолы жабдығының, бағдарламалық жасақтамасының және элементтерінің жиынтығы; 21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) - елдi мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды 22) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалар - автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстардың, сондай-ақ бұл ретте пайдаланылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдар.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді: 1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады; 2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады; 2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады. 3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жіктеледі. 6. Автомобиль жолдарын жіктеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 297-III (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-тармақ өзгерді 7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс. Есеп мәліметтері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары республикадағы негізгі қатынас жолдары болып табылады, мемлекет меншігінде болады және иеліктен шығаруға жатпайды. 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессияға берілуі мүмкін. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды 2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін. 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды 2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында әрекет ететін ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға берілуі мүмкін. 3. Шаруашылық автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар осы жолдар қарамағында болатын заңды тұлғалардың меншік нысанымен анықталады. 4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру 1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды. 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады. 3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге; 2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті. 4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол полициясы органдарының келісімімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі. 5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) 1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 2. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығы қамтамасыз етіле отырып, жүріп өтудің жоғары сапада болу шарты орындалған кезде автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі. 3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін. Ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін автомобиль жолы (жол учаскесі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға, концессионерге беріледі. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады. 4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады. 5-тармақ 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5. Жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды қаржыландыруға, сондай-ақ жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға жіберіледі. 6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін концессионер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады. 7. Жергілікті атқарушы органдарға автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді 5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау 1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер I санатты жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне), II санатты автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне және астана мен республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдайды. 3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде: 1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер; 2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі; 3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер; 4) ұзындығы; 5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі; 6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі; 7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс. 4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-2-бап. Ақылы, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер 1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден: 1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде: жедел медициналық жәрдем ұйымдарының; өртке қарсы қызметтің; авариялық-құтқару қызметтерінің; жол-патруль қызметінің; әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар; ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін; жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін; ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру 1. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. 2. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ экологиялық, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайларда белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады. 3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу 1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді. Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс. |