Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер (бұдан әрi тендерлер) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Осы Ереже ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарына қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде көзделген ұғымдар және мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) лот - мемлекеттік орман иеленушінің тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделген ұсынысы; 2) өтінім-лот - қалыптасу процесіндегі тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша мемлекеттік орман иеленушінің ұсынысы; 3) тендерді ұйымдастырушы - тендерге қойылатын мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары функционалдық қарауында болатын облыстардың жергілікті атқарушы органдары немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері; 4) уәкілетті орган - мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру тәртібінің сақталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері; 5) тендерге қатысушы - осы Ережеге сәйкес ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығын алу үшiн өзiнiң тендерге қатысатынын мәлiмдеген жеке және заңды тұлғалар; 6) тендер құжаттамасы - лоттың сипаттамасын, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының жобасын (бұдан әрi - шарт жобасы) қамтитын құжаттар жиынтығы және теңдер өткізу рәсiмiн айқындайтын құжаттар; 7) тендер өтiнiмi - тендерге қатысушы тендер комиссиясына тапсырған және тендер ұйымдастырушы мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес ресiмделген құжаттар жиынтығы. 3. Тендерге орман ресурстарын пайдалануды бiр орман пайдаланушыға берiп, бiр учаскеде орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрiн көздейтiн лоттар қойылуы мүмкiн. 2. Өтінiм-лоттарды қалыптастыру тәртібі 4. Өтінiм-лоттарды мемлекеттік орман иеленушi орман өсiру материалдарына сәйкес және орман ресурстары нарығының қажеттiлiктерi туралы ақпараттың негiзiнде әзiрлейдi. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1102 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Орман пайдаланудың жекелеген түрлерiне өтiнiм-лоттарды қалыптастыру мына ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады: 1) сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныстар әзiрленген жағдайда мемлекеттік орман қорының учаскесi сүрек қоры басты және аралық мақсатта пайдалануға кесудi жүргiзу кезiнде сүрек ресурстарын толассыз және таусылмайтындай дәрежеде пайдалануды қамтамасыз ететiндей жолмен iрiктеп алынады. Лоттар арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшiн орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қорының аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігін көздеуі мүмкін; 2) аң шаруашылығының мұқтажы үшiн мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныс әзiрленген жағдайда учаскелер шаруашылықаралық аңшылықты жайластыру және аңшылық-экономикалық зерттеулер материалдарының негiзiнде және оңтайлы күзет режимi қамтамасыз етiлетiндей, молықтыру iс-шараларының кешенiн жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалатындай және аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң экономикалық қажеттiлiгi қамтамасыз етiлетiндей жолмен iрiктеп алынады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы сондай-ақ мемлекеттік орман қорының құрамына енбейтiн, бiрақ жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет болып табылатын жер учаскелерiн енгiзудi көздейтiн ұсыныс әзiрлеу кезiнде көрсетiлген учаскелердегi аң ауланатын жерлердi бекіту Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады; 3) орман пайдалану мерзiмдерi бойынша: сүрек дайындау - 10 жылдан 49 жылға дейiн; шайыр мен сүрек шырындарын дайындау - 10 жылдан 15 жылға дейiн; мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшiн пайдалану - 10 жылдан 49 жылға дейiн; мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 10 жылдан 49 жылға дейiн пайдалану. 6. Өтiнiм-лот мемлекеттік орман иеленушi куәландырған мына материалдарды қамтуға тиiс: 1) ықтимал орман пайдаланушы үшiн орман телiмдерi мен орамдары желісін, соқпақтар мен жол желісін, аралас жер пайдалану белгiсiн және басқа да қажеттi картографиялық ақпаратты қамтитын орман карталарының материалдары бойынша орындалған ұзақ мерзiмдi орман пайдалану учаскесiнiң абрисi; 2) орман телiмдерi мен орамдарының тiзбесi қосылған, апандар мен қажетті бағалау деректерi көрсетiлген учаскенiң сипаттамасы; 3) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша ресурстық деректер; 4) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы орман пайдаланудың қолданыстағы тексеру кезеңi шегіндегі рұқсат етiлген көлемдерi; 5) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша салық заңнамасына сәйкес белгiленген ақы төлеу мөлшерлерi; 6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану учаскелерiне тiкелей жақын маңда елдi мекендердiң бар-жоғы, оларда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, сондай-ақ жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуы, орман пайдаланудың дәстүрлi түрлерi, әлеуметтiк iс-шараларды iске асыруға және елдi мекендердiң инфрақұрылымын қолдауға қажеттiлiктер туралы деректер; 7) орман пайдаланушыларға қойылатын орман заңнамасында белгіленген жалпы талаптар. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Тендерді ұйымдастырушы өтінім-лоттар келіп түскен сәттен бастап екі апта мерзімде оларды қарастырады, олар бойынша шарттардың жобаларын әзірлейді және тендерлік құжаттама топтамасын бекітеді. 8. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Тендерді ұйымдастырушы құрамына тендерді ұйымдастырушының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аумақтық органдарының аумақтық бөлімшелері, орталық атқарушы органның басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстық өкілді органның, мүдделі мемлекеттік орман иеленушінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енетін тендер комиссиясын құрады. Тендер комиссиясының төрағасы болып тендерді ұйымдастырушы басшыларының бірі, хатшысы болып тендерді ұйымдастырушының лауазымды тұлғасы тағайындалады. Тендер комиссиясының хатшысы оның құрамына кірмейді. Тендер комиссиясы мүшелерiнiң саны кемiнде жетi адам болуға тиiс. 11. Тендердi ұйымдастырушы тендер комиссиясымен бiрлесiп: 1) тендердi өткізу уақыты мен орнын; 2) тендер комиссиясы орналасатын жердi; 3) теңдер құжаттамасын алу орны мен тәсілдерiн; 4) тендер өтінiмдерiн беру мерзiмдерiн; 5) тендер комиссиясы отырыстарының регламентiн айқындайды. 12. Тендердi ұйымдастырушы кемiнде бiр ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы тендер туралы хабарландыру жариялайды. Тендердi өткізу туралы хабарландыру тендерге қойылатын лоттардың атауын, сондай-ақ осы Ереженiң 11-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген мәлiметтердi, тендердi ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс. 13. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға лоттың (лоттардың) атауын көрсетiп, тендер құжаттамасын алуға жазбаша нысанда өтiнiш бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес тендер өтiнiмiн әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға конвертке салынған күйiнде белгiленген мерзiмде тiркеуге тапсырады. Тендер өтiнiмi тiркелген сәттен бастап тендер өтiнiмiн берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1102 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Тендерге қатысушы тапсыратын тендер өтiнiмi: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келісімiн қамтитын тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдi және оның тендер талаптарын орындау және тиiстi шарт жасасу жөніндегі мiндеттемелерiн; 2) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетiнiн растайтын құжаттар тiзбесiн: заңды тұлғалар үшін - жарғының, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариатта расталған); жеке тұлғалар үшін - салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, салық төлеуші куәлігінің (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмелері; бухгалтерлiк теңгерiмдi; тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннiң қарсаңында үш айдан астам iшiнде банк (банктер) алдында теңдерге қатысушының мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы банктiң (банктердiң) анықтамасын; салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын; тендерге қатысушыда орман пайдалануды жүзеге асыру, ормандарды күзету, қорғау және молықтыру жөніндегі iс-шараларды өткізу үшiн қажет қаражат пен өндiрiстiк қуаттардың бар екенi туралы құжаттарды (оның iшiнде қызметкерлердiң біліктiлiгi көрсетiлiп олардың бар екенi және саны, мамандықтары бойынша жұмыс стажы туралы құжаттарды); 3) ормандарды күзетуге және молықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергiлiктi халыққа қызметтер көрсетуге бағытталған ұсынылатын қосымша қызметтер мен жұмыстарды; 4) үш жыл ішінде іске асырылатын, осы жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері көрсетілген сүректі толық өңдеуді және плантацияда өсіру үшін тұқымбақ ұйымдастыру бойынша кешенді даму жоспарын қамтиды. 15. Мемлекеттік орман иеленушi тендер өткiзiлгенге дейiн тендерге қатысушыларды тендерге қойылатын орман пайдалану учаскелерiмен таныстырады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Тендерге қатысушы тендер нәтижелерiне қарамастан, өзiнiң тендер өтiнiмiн дайындау және тапсыру жөніндегі шығыстарды көтереді. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Тендердi ұйымдастырушы ұсынылған тендер құжаттамасы үшiн тендер құжаттамасын көшiрiп басуға жұмсалатын нақты шығындардан аспайтын ақы алады. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1102 Қаулысымен ескертпемен толықтырылды Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қуәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
18. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерi салынған конверттердi белгiленген мерзiмде ашады. Тендерге қатысушының тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу кезiнде қатысып тұруына болады. 19. Тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу кезiнде тендер комиссиясының хатшысы қатысып отырған адамдарға тендерге қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерiн хабарлайды, олар қатысып отырған лоттың (лоттардың) атауын, тендер өтiнiмiне енгiзілген құжаттардың тiзбесiн оқиды. Тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу нәтижелерi бойынша конверттердi ашу хаттамасы жасалады, оның куәландырылған көшiрмелерi ашу рәсiмi кезiнде қатысып отырған тендерге қатысушыларға берiледi. 5. Тендер өтiнiмдерiн қарау және тендерлер жеңiмпаздарын анықтау
20. Тендер өтiнiмдерiн бағалауды тендер комиссиясы конверттер ашылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi. Тендерге қатысушылар тендер өтiнiмдерiн бағалауға қатыспайды. 21. Тендер өтiнiмдерiн қарау барысы туралы ақпарат және оларды бағалау материалдары құпия сипатта болады және бағалау рәсiмiне ресми қатысы жоқ тұлғаларға берiлмейдi. 22. Тендер комиссиясының шешiмi бойынша ұсыныстары тендер құжаттамасында айтылған барлық талаптарға сай келетiн және тендер шарттарын орындау бөлiгiнде таңдаулы болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. Назарға сондай-ақ ұсынылған тендер өтiнiмдерiнiң қосымша техникалық, біліктiлiк, ұйымдық және өзге де артықшылықтары алынуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Басқа үмiткерлер болмаған жағдайда, егер лот бойынша тендердiң бiрден-бiр қатысушысы тендер өтiнiмiне қойылатын негiзгi талаптарды сақтаған және орман пайдалануды ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөнiнде ол жасаған ұсыныстар тендер шарттарына сай келетiн болса, сол қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 24. Тендердi ұйымдастырушы, егер теңдерге қатысушылардың ұсыныстарын тендер комиссиясы тендер шарттарын қанағаттандырмайтын ұсыныстар деп таныса, оны өтпедi деп таниды. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25. Тендерге қатысушылар қатарынан оның жеңімпазын таңдау тендер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, тендер комиссиясының отырысында жүргізіледі. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясының хаттамасында (бұдан әрі - тендер комиссиясының хаттамасы) тендер комиссиясының қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда осы фактіні растайтын құжатты (бар болған жағдайда) қоса оның болмау себебін көрсетеді. Тендер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған тендер комиссиясына қатысушы мүшелердің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, тендер комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Тендер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, осы тендер комиссиясының кез келген мүшесі ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде айтылуы және тендер комиссиясының хаттамасына қоса берілуге тиіс. Тендер комиссиясының хаттамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 26. Тендер комиссиясының әрбiр лот бойынша хаттамасына тендер комиссиясының қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ оның хатшысы қол қояды. ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ өзгертілді 27. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның хаттамасына қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орман иеленушіге және тендер жеңімпазына (жеңімпаздарына) хабарлама жібереді. Мемлекеттік орман иеленуші хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде орман пайдаланушымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады. Тендер нәтижелерi туралы хабар тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымында жарияланады. ҚР Үкіметінің 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Тендер нәтижелері туралы есепті тендерді ұйымдастырушы тендер комиссиясының хаттамасына қол қойылғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға ұсынады. 29. Тендер өткізудiң белгiленген тәртібі бұзылған жағдайда оның нәтижелерiн уәкiлеттi орган жарамсыз деп тануы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 30. Тендер комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда тендер нәтижелерiне Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесіне 1-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясы хаттамасының үлгілiк нысаны №___ _____________ 20__ ж.»___»_____________ (елдi мекен) Тендердiң басталу күнi және уақыты ________________ Тендердiң аяқталу күнi және уақыты ________________ 1. Тендер комиссиясы мына құрамда (Т.А.Ә. лауазымы көрсетiлсiн): ______________________________________- комиссия төрағасы комиссия мүшелерi: _________________________________________________; _________________________________________________; _________________________________________________; _________________________________________________; құрылып,_________________________________________________________ (тендер комиссиясын құрған органның кесiмi, құжаттың күнi мен нөмiрi көрсетiледi) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендер өткiздi.
2. Тендерге мынадай лот қойылды:
3. Тендер құжаттамасын алғандар:
4. Тендерге қатысуға тендер өнiмiн тендердiң мына қатысушылары тапсырды:
5. (Конверттердi ашу кезiнде тендер өтінiмдерiнiң қабылданған-қабылданбағаны және олардың қабылданбау себептерi көрсетiлсiн). 6. Тендерге қатысушы мынадай құжаттар тiзбесiн тапсырды:
7. Тендерге қатысушылар тендер құжаттамасының шарттарына мынадай қосымша ұсыныстар тапсырды:
ҚР Үкіметінің 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерiн бағалау және салыстыру нәтижелерi бойынша шешім шығарды: 1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берудiң мынадай шарттарына: _____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________сәйкес ________________________________________________________________________тендер өтiнiмi тендердi ұтты деп танылсын. (лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы) 2. Мемлекеттік орман иеленуші күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы _______________________________________________________________________ шарт жасассын. Комиссия төрағасы _____________________________________________________________________ Комиссия мүшелерi _____________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Комиссия хатшысы _____________________________________________________________________ Тендерді ұйымдастырушы
М.О; ҚР Үкіметінің 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесіне 2-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру шартының үлгiлiк нысаны №______
_____________ 20__ ж.»___»_____________ (елдi мекен) Бiрлесiп «Тараптар», деп аталатын________________________________________________________________________ (қарауында мемлекеттiк орман қорының ______________________________________________________________________________________________________ берiлетiн учаскелерi бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы) ________ атынан негiзiнде әрекет жасайтын, бұдан әрi «Мемлекеттік орман иеленуші» деп аталатын және_______________________ (заңды тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.) негiзiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi «Орман пайдаланушы» деп аталатын төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi ҚР Үкіметінің 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiндегi 20_ жылғы «___»____________ №___ тендер хаттамасының негiзiнде орман ресурстарын______________________________________________________________________________________________ (орман пайдалану түрлерi көрсетiлсiн) жүзеге асыру үшiн осы Шартқа қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қоры учаскесi жоспарының (1-қосымша) шегiнде ___ жыл мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бередi. 2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң алаңы мен бағалау көрсеткiштерi осы Шартқа 2-қосымшада көрсетiлген. 3. Орман пайдалану осы Шартқа 3-қосымшада көрсетiлген көлем (мөлшер) шегiнде жүзеге асырылады. 4 ҚР Үкіметінің 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Орман пайдаланудың жыл сайынғы төлемақысы мемлекеттік орман пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат етiлген көлемдерi негiзiнде айқындалады және оны Орман пайдаланушы бюджетке аудару арқылы төлеп тұрады.
ҚР Үкіметінің 2012.21.11. № 1471 Қаулысымен 2-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
(орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен мiндеттерi орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленедi)
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
10. Орман пайдаланушы орман пайдаланудың төлемақысын белгiленген мерзiмде уақтылы енгiзбеген жағдайда Орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. 11. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. 4. Дауларды қарау тәртібі 12. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар келіссөз жүргiзу және қосымша келісімдер жасасу арқылы шешiледi. Тараптар келiспеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына жатады. 5. Өзге шарттар 13. Осы Шартта көрсетiлген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады. 14. Осы шартқа енгiзілетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың мәтiнiне қайшы келмеуге тиiс, жазбаша нысанда жасалып, оған тараптар қол қоюға тиiс. 15. Осы Шарт қайта жасалуға жатады немесе оған кезектi немесе кезектен тыс орман өсiрудi (аңшылықты) жайластыру жүргiзiлiп, ықтимал орман пайдалану көлемдерi мен шарттары нақтыланғаннан кейiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi тиiс. |