«Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 459 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 10 қазандағы № 376 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (2013 жылғы 29 мамырдағы № 136 (28075) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 15 қарашада № 8087 болып тіркелген). 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпараттар құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|