Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысымен бекітілген
Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналған субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды. 2. Бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ) осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес бөлінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|