2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы (2014.14.08. берілген өзгерістермен)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті баска да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін. 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|