|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2014.15.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 893 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 274-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.»; 6-тармақтағы: 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.»; 8-тармақта: бірінші абзацтағы «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздер «заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.»; 2) ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |