Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 45, 230-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы «Оқжетпес» санаторийі Көкшетау облысы, Бурабай поселкесі» деген жол алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Оқжетпес» санаторийі» АҚ». 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік yлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен yлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Ақмола облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-9-жолмен толықтырылсын: «13-9 «Оқжетпес» санаторийі АҚ»; «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын: «21-67 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сақшы-На страже» ЖШС 21-68 «Өрт сөндіруші» АҚ 21-69 «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС»; «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-101-жолмен толықтырылсын: «123-101 «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»; «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-11-жолмен толықтырылсын: «165-11 «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»; «Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын: «280-4 «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ». 4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік yлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-4-жолмен толықтырылсын: «20-4 «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС»; «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын: «217-9 АЛА-005430 «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ»; «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-9-жолмен толықтырылсын: «238-9 «Оқжетпес» санаторий» АҚ»; «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 266-5-жолмен толықтырылсын: «266-6 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сақшы-На страже» ЖШС»; «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын: «279-2 «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ 279-3 «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ 279-4 «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне» 296 «Өрт сөндіруші» АҚ». 5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: мына: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Алматы протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Семей протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Петропавл протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)»деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы; «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы; «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы». |