Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері (2024.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 649 Қаулысын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақ Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 2) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны іске асыруға бағытталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және оларға ілеспе өзге де құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкiметiнiң 2015.15.10. № 830 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.10.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.17.03. № 136 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|