Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы (2014.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.23.10. № 1656 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі
1-бөлім. Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. Осы бөлім ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың жаңаларын салуға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы) және жұмыс істеп тұрғандарың өзгертуге (қайта жаңартуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға арналған жобалардың сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді. Құрылыс жобаларына мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді. 2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Ереже мемлекеттік кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібіне қолданылмайды. 3. Бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) конкурстық (тендерлік) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердігерлік жұмыстарға конкурс (тендер) өткізудің тәртібі мен шарттарын (шектеулерін), сондай-ақ құрылыс объектілерінің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштерін қамтитын құжаттама; 2) құрылыстың ықтимал қауіпті объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік үдерістері, пайдалану сипаттамалары бойынша адамның денсаулығы мен өміріне зиян, орны толмас залал келтіретін, техногендік және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуінің бұзылу қаупін туғызатын объектілер; 3) техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобалары - мақсаты мен жауапкершілік деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық жағынан күрделілер қатарына жатқызылған ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Жобалардың сараптамасын тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асырады. Бұл ретте жобаларды мемлекеттік сараптауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асырады. 5. Жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі - Мемсараптама) белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесіне қосылады.
6. Жобалардың сараптамасы олар бекітілгенге дейін жүргізіледі. Міндетті сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен одан өтпеген құрылысқа арналған жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Жобалардың жеке және заңды тұлғалар орындайтын сараптамасы шығындарды қаралатын жобаның құнына жатқыза отырып, шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 8. Жобалардың сараптамасы объектілерді пайдалануға енгізгеннен кейін олардың тұрақты жұмыс істеуін жобалық шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарға: 1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестігіне; 2) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтерде белгіленген жарылыс және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі міндетті талаптарды, инженерлік, энергия және ресурс үнемдеуші, экологиялық және санитарлық талаптарды сақтауға; 3) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтың негізділігіне, құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен төзімділігіне; 4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген құрылыс көлемдерінің негізділігіне және орындылығына; 5) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығына арналған сараптамалық бағалауды қамтиды. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Сараптама жүргізген кезде жобаны әзірлеушіде іздестіру қызметінің және/немесе жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензиясының болуы немесе болмауы да белгіленеді. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мемлекеттік нормативтерде көзделген құрамда ұсынады. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды 10-1. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама сараптамаға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады. ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 327 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Жобаның ұсынылған материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігі олар сараптамаға түскен күнінен бастан күнтізбелік бес күн ішінде тексеріледі. Жобаның толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместігі белгіленген жағдайда тапсырысшыға (инвесторға) не ол уәкілеттік берген бас жобалаушыға жетіспейтін материалдар не жобаны құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтіру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) жіберіледі. Егер тапсырысшы (инвестор) не ол уәкілеттік берген бас жобалаушы жетіспейтін материалдарды ұсынбаса не ол ұсынған материалдар құрамы бойынша талаптарға сәйкес келмесе, онда жоба Хабарлама жіберілген күннен бастап жеті күнтізбелік күн өткеннен кейін оның себебін жазбаша негіздей отырып, қайтарылады. ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 327 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Мемлекеттік сараптаманың құзыретіне жатпайтын және сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын жобаларға сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы олардың шарттарында белгіленеді, бірақ күнтізбелік қырық бес күннен аспауы тиіс. Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы шартта белгіленеді, бірақ 45 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Техникалық жағынан аса күрделі объектілерді (кешендерді) салуға арналған жобаларға не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін кешенді қала құрылысы құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізген кезде оның ұзақтығы 60 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуға арналған жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің ұзақтығы 15 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Мемлекеттік сараптама жүргізу ұзақтығының көрсетілген шектеулері жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу және осы Ереженің 21-тармағында көзделген құрылысты кезең-кезеңімен жүргізу барысындағы сараптамалық сүйемелдеу режимінде оны жүзеге асыруға қолданылмайды. 13. Бекітілген жобалық шешімдерге және негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін жобалар жаңадан әзірленетін жобалар үшін белгіленген тәртіппен қайта сараптауға жатады. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін. 15. Осы бөлімге сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекітуге және оларды іске асыруды бастауға (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне және құрылыс жүргізуге рұқсаттар беруге) жол берілмейді. 16. Жобалардың сараптамасын жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғалар инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілді, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптаманың кәсіптік қызметіне араласуға құқығы жоқ. 17. Жобалардың сараптамасын жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар беріледі: 1) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жобаларды бекітуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жіберу; 2) тапсырысшы қорытындыларда келісілген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алу; 3) қаралып отырған жобаның мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаны әзірлеуші жекелеген мамандар тұлғасындағы тапсырысшыларынан сараптаманы сапалы жүргізу үшін қажетті материалдар мен ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу; 4) белгіленген тәртіппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі (инвесторы) өз қалауы бойынша сараптамалық жұмыстар нарығы субъектісінің ішінен тиісті аттестаты бар кез келген жеке тұлғаны сарапшы ретінде таңдауға не мемсараптамаға жүгінуге құқылы.
3. Жобалардың мемлекеттік сараптамасы
ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.04. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді 19. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне: 1) бюджеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiндегi мемлекеттiк меншiк үлесi көзделетiн; 2) құрылысты қаржыландыру көздеріне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, құрастырмалардың сенімділігі, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілердің жұмыс істеуінің тұрақтылығы жөніндегі, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарының қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестігі бөлігінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек ландшафттарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін белгіленіп отырған пайдалану бөлігінде объектілердің (кешендердің) құрылысына арналған инвестициялар негіздемелерінің, техникалық-экономикалық негіздемелердің және есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалардың сараптамасы жатады. 20. Мемлекеттік сараптамаға, сондай-ақ межелі немесе берілген параметрлерін, көрсеткіштері мен сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін) қамтитын бөлігінде құрылыстың ірі және күрделі объектілері немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердігерлік жұмыстарға (қызметтерге) мемлекеттік сатып алу жүргізуге арналған конкурстық (тендерлік) құжаттамалар жатады. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасы (сараптамалық сүйемелдеу) тиісті кезеңдер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Сараптамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібі сәулет, кала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік нормативтерде белгіленеді. Бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік сараптаманың жиынтық қорытындысының негізінде жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады. 22. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жобалардың кешенді мемлекеттік сараптамасын жүргізуге тартылған сарапшылар ретінде өз мамандарының қатысуын қамтамасыз етеді. 23. Жобаны қарау нәтижелері бойынша және жобаның бөлімдері қорытындыларының тартылған сарапшылар дайындаған тұжырымдарын ескере отырып, мемлекеттік сараптама: 1) жобаны және оның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін бекітуге ұсынумен; 2) жобаны пысықтауға қайтару туралы; 3) мемлекеттік сараптаманың осындай қорытындысының себептерін көрсете отырып, жобаны қабылдамау туралы тұжырымдарды қамтитын жиынтық сараптамалық қорытынды жасайды. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы: 1) жобалау алдындағы құжаттаманы (бюджеттік инвестициялық жобаларды қоспағанда) белгіленген тәртіппен бекіту және инвестордың құрылыс объектісін одан әрі қарай инвестициялау жөнінде шешім қабылдау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу; 2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын белгіленген тәртіппен бекіту және жобаны іске асыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау үшін негіз болады. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының түпкілікті нұсқасының электрондық нұсқасын тапсырыс беруші не оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемсараптамаға қорытындыны алған күнінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде мұрағаттық (бақылау) данасы ретінде сақтау үшін береді. 26. Мердігерлік жұмыстарды (қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізуге арналған конкурстық (тендерлік) құжаттама құрамындағы техникалық ерекшелік бойынша оң қорытынды конкурстық (тендерлік) құжаттаманы бекіту, сондай-ақ мердігерлік қызметтерді жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін бағалау үшін негіз болады.
2-бөлім. Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту
1. Жалпы ережелер
27. Осы бөлім объектілер мен олардың кешендерін салуға (қайта жаңартуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге), инженерлік және көліктік коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту (қайта бекіту) тәртібін белгілейді. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан объектілер бойынша жобаларды бекіту тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асыралады. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 28. Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және оның нәтижелеріне кол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган; 2) бюджеттік инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру; 3) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын қайта жаңартуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 4) мемлекеттік инвестициялар - бюджеттік инвестициялар, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру; 5) қайта есептеудің жоспарлы коэффициенті - 2001 жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатысты сәулет, кала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішінің өзгеру индексі; 6) құрылыстың есеп айырысу құны - құрылыс объектісінің (кешенінің) құрылысқа арналған жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеген кезде мемлекеттік нормативтер бойынша айқындалатын құны; 7) құрылыстың сметалық құны - құрылыс объектісінің (кешенінің) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын құны. 29. Құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін үш айдан кешіктірмей бекітуге ұсынылуға тиіс. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы оны іске асыратын жылға дейін бекітілуге тиіс. 30. Мемлекеттік инвестиңиялар есебінен салынатын объектілер бойынша жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздеме) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы олар бекітілгеннен кейін іске асырылылуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 227 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 32. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны: 1) ағымдағы бағамен «1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін болса - мемлекеттік органдар - бағдарламалар әкімшілері бекітуге тиіс; 2) ағымдағы бағамен 750000 (жеті жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары болса - сәулет, кала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды 32-1. Егер, құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) болса, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Қордың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған сметалық құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Қор бекітуге тиіс. Сметалық құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары құрылыс жобалары осы Ереженің 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітіледі. 33. Құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілер бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарыз алушының ұсынуы бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және қайта бекітеді. 34. Жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту (қайта бекіту) Ереженің 32-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тәртіппен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде құрылыстың есеп айырысу немесе сметалық құнын көрсете отырып жүзеге асырылады. 35. Салу ұзақтығы бір жылдан жоғары объектілер бойынша жұмыстардың құны тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішінің негізінде айқындалатын қайта есептеудің жоспарлы коэффициентін қолдана отырып, көлемді жылдар бойынша бөліп, құрылыстың нормативтік мерзімін ескере отырып айқындалады. ҚР Үкіметінің 2011.30.03. № 289 Қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.27.03. № 282 Қаулысымен 35-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 35-1. Құрылыс мерзімі бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннің техникалық жағынан күрделі және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен іске асырылатын) объектілері үшін әзірленетін жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаасы құрылыстың жиынтық сметалық есептемесінде құрылыс құнының сметалық есептемесінің 10 %-ы мөлшерінде тапсырысшының иелігінде қалатын қаражат резервін көздеуі қажет. Құрылыс мерзімі бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннің техникалық жағынан күрделі және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен іске асырылатын) объектілері үшін құрылыс құнының сметалық есептемесінің 10 %-ы мөлшерінде тапсырыс берушінің иелігінде қалатын қаражат резервін пайдалану тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. |