Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2072 қаулысымен бекітілген
Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы«2007 жылғы 21 шілдедегі және «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының қорғаныс қажеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді (бұдан әрі - әскери мақсаттағы өнім) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Ерекше тәртіп отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер мен Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ұйым қатарынан әскери мақсаттағы өнімді жеткізушіні айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Мұндай жағдайларда жеткізушіні таңдау талдау және баға ұсыныстары негізінде шетелдік заңды тұлғалар қатарынан жүзеге асырылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|