Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы (2015.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған нотариустың үй-жайы талаптары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар
1. Осы Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар жеке және заңды тұлғалардың кедергісіз қол жеткізуіне, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық іс өндірістерді сақтауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. 2. Нотариустың үй-жайы аумақтық әділет органдары аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп белгілеген аумақ шеңберінде орналасуы тиіс. Нотариус үй-жайының оған белгілеген аумақтан тыс орналасуына жол берілмейді. 3. Нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асыратын бір ғана үй-жайы болады. Бір үй-жайда бір немесе олар Заңның 15-бабы 4-тармағына талаптарын және осы Талаптарды сақтаған жағдайда бірнеше нотариустар жұмыс істей алады. ҚР Әділет министрінің 2012.10.10. № 342 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 314 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|