«Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 3-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 13-НҚ және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 31 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы БҰЙЫРАДЫ: 1. «Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 3-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20128 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: нормативтік қаулымен бекітілген Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Жоғары аудиторлық палатаның Жоспарлау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жетекшілік ететін мүшесіне және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|