Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387-II Заңы (2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық негiзi 3-бап. Төтенше жағдайды енгiзудiң мақсаты 1-1-тарау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі 3-1-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі 3-4-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар 2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі 4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi 5-бап. Төтенше жағдайды енгiзу тәртiбi 6-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығының мазмұны 7-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi 8-бап. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 9-бап. Төтенше жағдайдың күшiн жою 10-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық режимінің ерекшеліктері 11-бап. Төтенше жағдай кезеңiндегi мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары 12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары 12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру 13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының өкiлеттiктерi 14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар 14-1-бап. Төтенше жағдай кезінде байланыс желілерін басқару 15-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер 16-бап. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер 17-бап. Төтенше жағдай кезiнде шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану шектерi 20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртiбi 21-бап. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатудың құқықтық салдарлары 23-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн жүзеге асыру 24-бап. Халықаралық iзгiлiк көмек 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай - адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай; 2) жергiлiктi жердiң коменданты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам; 3) жергiлiктi жердiң комендатурасы - төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган; 4) коменданттық сағат - арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi; 5) төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара; 6) төтенше жағдай енгiзiлетiн жергілікті жердiң шекаралары - Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы; 7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.
2-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері төтенше жағдайды енгізудiң құқықтық негiзi болып табылады. 3-бап. Төтенше жағдайды енгізудiң мақсаты Төтенше жағдайды енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, адам мен азаматтың қауiпсiздiгiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету төтенше жағдайды енгізудiң мақсаты болып табылады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды 1-1-тарау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі
3-1-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі 1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі төтенше жағдайды енгізуге негіз болып табылатын, әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді. 2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша енгізіледі, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган енгізеді. 3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі кезінде шұғыл ден қою және басқару жүйесінің жұмыс органы жедел штаб болып табылады. 4. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті. 5. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою мақсатында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган: 1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалануға; 2) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 5-1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға құқылы. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан алу тәртібімен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 5-2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгізілген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлік ұйымдары бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырады. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды тасымалдауға көлік ұйымдары материалдық құндылықтарды көрсеткен кезде алдын ала төлемсіз қабылдайды. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 6. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайларды жою мерзімінен аспауға тиіс.
3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құзыреті 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған төтенше жағдайларды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы орган болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және әрекетінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жедел штабтар құрылады. Осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган жедел штаб құрады, оның құрамына жедел штаб басшысының орынбасары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жедел штабтар «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады. 2. Жедел штабтар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3-4-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар 1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдары пайдаланыла отырып, мемлекеттік органдардың бұрын бекіткен жоспарларына сәйкес, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі мемлекеттік органдармен бұрын келісілген және жергілікті атқарушы органдар бекіткен жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады. 2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар кезінде жедел штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер: 1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру; 2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желілерін және құралдарын пайдалануды шектеу; 3) қоғамдық тәртіптің сақталуын, мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді және халықтың тыныс-тіршілігі мен көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілерді күзетуді күшейту; 4) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіру; 5) қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, күшті әсер ететін химиялық және улы заттардың саудасына шектеу қою немесе тыйым салу, дәрілік заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың, этил спиртінің және алкоголь өнімінің айналымына ерекше режим белгілеу қолданылуы мүмкін. 3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарының шекараларын жедел штабтың басшысы айқындайды.
2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі
4-бап. Төтенше жағдай енгізудiң шарттары, негiздерi 1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi. 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Төтенше жағдайды енгізу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда: 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билiктi күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттерден; жаппай тәртiпсiздiктерден, ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлердi, аса маңызды және стратегиялық объектiлердi қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды дайындаудан және олардың әрекетінен; қарулы бүліктен; диверсиядан; қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық iс-әрекеттерден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар; 2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртібін қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады. Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгізуге негiз болуы мүмкiн. 5-бап. Төтенше жағдайды енгізу тәртібі 1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы немесе оның жекелеген жерлеріндегі төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен және Парламентi палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi жарлығымен енгiзедi, бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады. 2. Төтенше жағдай қалыптасқан жағдайды өзге шаралар қолданумен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда енгiзiледi. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми баспа басылымдарында дереу жариялануға тиiс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткiзiледi. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi. 6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығының мазмұны Қазақстан Республикасы Президентінің Төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығында: 1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар; 2) төтенше жағдайды енгізу қажеттiгiнiң негiздемесi; 3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары; 4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар; 5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi; 6) төтенше жағдайды енгізу кезеңiнде құрылатын мемлекеттік басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi; 7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар); 8) төтенше жағдайды енгізу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады. 7-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi 1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында енгiзiлетiн төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi - 30 тәулiктен, ал оның жекелеген жерлерiнде 60 тәулiктен аспауға тиiс. 2. Төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм өткеннен кейiн төтенше жағдай тоқтатылды деп есептеледi. 3. Төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi акт шығару арқылы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдер шегiнде оның қолданысын ұзартуға құқылы. 8-бап. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру 1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген кезде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметі резервiнiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен Қазақстан Республикасының төтенше бюджетi енгiзiлуi мүмкiн. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру бұл жағдайда төтенше бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Төтенше бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады. 9-бап. Төтенше жағдайдың күшiн жою 1. Егер төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар жойылған болса, Қазақстан Республикасының Президентi оның күшiн ол енгiзiлген мерзiм аяқталғанға дейiн толық немесе iшiнара жоюға құқылы. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды толық немесе iшiнара жою жөніндегі Жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.
2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен 10- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Төтенше жағдай кезеңiнде Қазақстан Республикасының Парламентi таратылмайды.
3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін мемлекеттік басқарудың арнайы органдары. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету
11-бап. Төтенше жағдай кезеңіндегі мемлекеттік басқарудың арнайы органдары 1. Төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайларды жою жөніндегі мәселелердi шұғыл шешу және iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құруы мүмкiн, оларға: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия; 2) жергiлiктi жердiң комендатурасы жатады. 2006.14.01. № 117-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Комендатураның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен үлгі ереже негізінде жүзеге асырылады.
2006.14.01. № 117-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12-бап. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары 1. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнінде шаралар әзірлеу; 2) төтенше жағдай енгізілген аумақтың қызметін басқару мен қамтамасыз ету жөнінде жедел іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; 3) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру; 4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің комендатураларының төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі қызметін үйлестіру; 5) төтенше жағдай кезеңінде жүргізілетін іс-шаралардың орындалуын бақылау. 2. Негізгі міндеттерін орындау үшін Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің комендатураларының төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 2) Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарын және төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің коменданттарын тыңдайды; 3) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан Мемлекеттік комиссияның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады; |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық негiзi3-бап. Төтенше жағдайды енгiзудiң мақсаты 1-1-тарау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі3-1-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құзыреті3-3-бап. Жедел штабтар3-4-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар 2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi5-бап. Төтенше жағдайды енгiзу тәртiбi6-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығының мазмұны7-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi8-бап. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру9-бап. Төтенше жағдайдың күшiн жою10-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық режимінің ерекшеліктері 3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін мемлекеттік басқарудың арнайы органдары. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету11-бап. Төтенше жағдай кезеңiндегi мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының өкiлеттiктерi14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар14-1-бап. Төтенше жағдай кезінде байланыс желілерін басқару 4-тарау. Төтенше жағдай кезінде және осыған байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайында қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер15-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер16-бап. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер 5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі17-бап. Төтенше жағдай кезiнде шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану шектерi18-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуы кезеңiндегi жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi19-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолданудың, әскери техниканы пайдаланудың шарттары мен шектерi20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртiбi21-бап. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатудың құқықтық салдарлары22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы23-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн жүзеге асыру 6-тарау. Қорытынды ережелер |