Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы (2019.06.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидалары бекітілсін. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі Үкіметінің актісінде белгіленген басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілерінің (мердігерлеріне, бірлесіп орындаушыларына) нақты тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға қол жеткізуін шектеу не экономиканың белгілі бір салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін шектеу; 2) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік сатып алу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|