<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы (2024.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы

Мемлекеттiк сатып алу туралы

(2024.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII Заңымен 2025 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы

4-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары

5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі

6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер

  • Показать изменения

7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

8-бап. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

9-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

10-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тану негіздері

  • Показать изменения

11-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары

12-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер

  • Показать изменения

12-1-бап. Электрондық тауарлар каталогі

13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

14-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану

 

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті

16-бап. Уәкілетті органның құзыреті

17-бап. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктері

 

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ

18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау

19-бап. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу

 

4-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

21-бап. Конкурстық құжаттама

22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау

  • Показать изменения

22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлау

23-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама

  • Показать изменения

24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім

25-бап. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету

  • Показать изменения

26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар

27-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

28-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

29-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

30-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

31-бап. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

31-1-бап. Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

31-2-бап. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

  • Показать изменения

31-3-бап. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

5-тарау. АУКЦИОН ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

32-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

  • Показать изменения

33-бап. Аукцион өткізу

34-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау

35-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

  • Показать изменения

36-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

 

6-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСІЛІМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДҮКЕН АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

37-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері

38-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

38-1-бап. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

 

7-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ, ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТӘСІЛДЕРІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

40-бап. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

42-бап. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

 

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ

43-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

44-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару

45-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері

46-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

 

  • Показать изменения

9-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ

47-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау

48-бап. Шағым беру тәртібі

 

10-тарау. АРНАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

50-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

51-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы

52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қосылмайды. Жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде:

  • Показать изменения

шетелдік банктің шетел валютасында Standard & Poor’s агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі болса;

қаржыландырудың елу пайыздан астамын шетелдік банктер жүзеге асырса;

инвестициялық жобаны іске асыруды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асырса;

инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік кепілдікті талап етпесе және қарыз алушының мүлкіне ауыртпалық салуға әкеп соқпаса, басқа шетелдік банктер толықтай немесе ішінара қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы банктердің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) анық емес ақпарат - әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің берілген өтінімінің шынайы мазмұнын бұрмалайтын және шындығына сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) аукцион адымы - аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) әлеуетті өнім беруші - мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы - осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) бастапқы баға - әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен бола алмайтын баға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

4-1) біліктілік органы - әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілікті іріктеуді жүзеге асыратын және білікті өнім берушілер тізбесін қалыптастыратын, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызының әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) жұмыстар - заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

8-1) келісу комиссиясы - тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтаруы салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) конкурстық баға ұсынысы - конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін баға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) - осы Заңда көзделген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган. Конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) тақ саннан, бірақ кемінде үш адамнан тұруға тиіс;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) - конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) Қазақстан Республикасының резиденттерi - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

14) мемлекеттік сатып алу - Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы - мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

16-1) мемлекеттік сатып алуды нормалау - сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды белгілеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін заттай нормалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды - мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған, әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

18-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - осы Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

21-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий (бұдан әрі - электрондық депозитарий) - мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық дерекқор;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

22-1) негіздемелік келісім - тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілермен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында жасалатын келісім;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23) нұсқама - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшін бақылау объектілеріне жіберілетін, орындалуы міндетті уәкілетті органның актісі;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

23-1) офтейк-келісімшарт - тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалған, өндіруге жоспарланған тауарларды болашақта кепілдендірілген түрде сатып алу жөніндегі келісім;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) өнім беруші - тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

27) тапсырыс берушілер - мыналарды:

ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды;

мүліктік кешендер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындарды, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

28) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, зияткерлiк меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры - мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төмен, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

30) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі - анықтамалық) - уәкілетті орган айқындаған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кодтарының жүйеленген тізбесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31) ұлттық режим - егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілерге отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы4-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі8-бап. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі9-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары10-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тану негіздері11-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары12-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер12-1-бап. Электрондық тауарлар каталогі13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері14-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ4-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру21-бап. Конкурстық құжаттама22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлау23-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім25-бап. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар27-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау28-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама29-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары30-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері31-бап. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері31-1-бап. Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері31-2-бап. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері31-3-бап. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
5-тарау. АУКЦИОН ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ6-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСІЛІМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДҮКЕН АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ7-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ, ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТӘСІЛДЕРІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ9-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ10-тарау. АРНАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР