|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 108-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 2-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті 3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы 5-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары 6-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі 7-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер 8-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер 9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 10-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері 11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары 13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар 14-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары 15-бап. Мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары 16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері 17-бап. Шартты жасасу және орындау 19-бап. Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 21-бап. Уәкілетті органның құзыреті 22-бап. Бірыңғай оператордың өкілеттіктері 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ. ШАҒЫМ ЖАСАУ 23-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау 24-бап. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі 5-тарау. АРНАУЛЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі 27-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы 28-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар қосылмайды: 1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер; 2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер; 3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер; 5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу; 6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі, кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 7) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер; 8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 9) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер. Жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде: шетелдік банктің шетел валютасында Standard & Poor’s агенттігінің «А-»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі болса; қаржыландырудың елу пайыздан астамын шетелдік банктер жүзеге асырса; инвестициялық жобаны іске асыруды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асырса; инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік кепілдікті талап етпесе және қарыз алушының мүлкіне ауыртпалық салуға алып келмесе, басқа шетелдік банктер толықтай немесе ішінара қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы банктердің қағидалары бойынша жүзеге асырылады; 10) ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары сатып алатын, ғылым саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.
2-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті 1. Мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді, мемлекеттің міндеттері мен функцияларын қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады. 2. Мемлекеттік сатып алу субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржыны және бюджетті тиімді басқару бойынша құқықтық негіздер құру осы Заңның міндеті болып табылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) анық емес ақпарат - біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) конкурсқа, аукционға қатысуға арналған өтінімінде және растаушы құжаттарында қамтылған, сол сияқты ұсынылған өтінімде шынайы мазмұнды бұрмалайтын және шындыққа және әлеуетті өнім берушінің растаушы құжаттарына сай келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер; 2) аукциондық құжаттама - аукционға қатысуға арналған өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда аукционға қатысуға арналған өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылады; 3) әлеуетті өнім беруші - осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға; 4) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы - осы әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға; 5) бастапқы баға - әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен бола алмайтын баға; 6) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бірдей болмаса да, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 7) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі - веб-портал) - мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттік сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынады; 8) жұмыстар - заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет; 9) келісу комиссиясы - тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтаруы салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарау үшін құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган; 10) конкурстық баға ұсынысы - конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін баға; 11) конкурстық құжаттама - конкурсқа қатысуға арналған өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қойылатын талаптар, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылады; 12) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет; 13) Қазақстан Республикасының резиденттері - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары; Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері; 14) мемлекеттік сатып алу - тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы; 15) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі - бірыңғай ұйымдастырушы) - Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 16) мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі - веб-портал арқылы және онда қамтылған шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, өткізу, орындау және бақылау туралы ақпарат негізінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылау субъектілері жүзеге асыратын жүйелі түрде жинау, қорыту және талдау процесі; 17) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) - осы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше; 18) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) - мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға; 19) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 20) мемлекеттік сатып алу субъектілері - әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы, сараптама комиссиясы; 21) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт) - уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт; 22) нұсқама - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшін бақылау объектілеріне жіберілетін, уәкілетті органның орындалуы міндетті әкімшілік актісі; 23) орнықты мемлекеттік сатып алу - тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны өмірлік циклінің бүкіл мерзімі бойында оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілеріне қол жеткізу мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 24) өнім беруші - осы Заңда көзделген жағдайларда тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның тарапы ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға; 25) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, бірыңғай ұйымдастырушы, ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган; 26) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнаулы және (немесе) техникалық танымы, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға; 27) тапсырыс берушілер - мүліктік кешендер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындарды, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар; 28) тауарлар - нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу мен сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар; 29) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры - веб-порталдың бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төмен, орташа және ең жоғары бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе; 30) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі - анықтамалық) - уәкілетті орган айқындаған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кодтарының жүйеленген тізбесі; 31) толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт - жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ жобалар мен көрсетілетін техникалық қадағалау қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды беруді және қызметтер көрсетуді қамтитын, объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар нысанасы болып табылатын, шарт; 32) ұлттық режим - егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілерге отандық шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим; 33) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда орнатылатын, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені; 34) электрондық әмиян - әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші бірыңғай оператордың шотына ақша салған кезде оның: мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етуге; шарттың орындалуын қамтамасыз етуге; авансты қамтамасыз етуге (егер шартта аванс көзделсе); демпингке қарсы соманы енгізуге байланысты операцияларын көрсету үшін бірыңғай оператор пайдаланатын әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің жеке шоты; 35) электрондық дүкен - бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналасқан деректерді агрегациялауды қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі; 36) электрондық тауарлар каталогы - мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған веб порталдың ақпараттық кіші жүйесі.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
5-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары 1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасы арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау; 2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік; 4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы; 5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету; 6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі; 7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу; 8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту. 2. Заң ұқсастығын немесе құқық ұқсастығын қолдану процесінде мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді. 3. Қазақстан Республикасының осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері осы баптың 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
6-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі 1. Мемлекеттік сатып алу процесі мыналарды қамтиды: 1) мемлекеттік сатып алуды жоспарлау; 2) өнім берушіні таңдау және онымен шарт жасасу; 2. Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейінгі сатыларда да, нақтыланғанға дейінгі сатыларда да жеке әзірленеді және бекітіледі. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады. Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді (нақтылайды). Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 22), 23) және 24) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілуге жатпайды. 3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. 4. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді. 5. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастыруға міндетті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |