|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 95-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 718-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»; 2) 728-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Тұтынушылық банктік қарыздың жəне тұтынушылық микрокредиттің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында жəне Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.»; 3) 740-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтардың жəне заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар жəне сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары не аумақтық əділет органдарының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік жəне азаматтық процестік заңнамасында жəне Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.». 2-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы алып тасталсын; 2) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мəслихаттардың аппараттары жəне жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын əзірлемейді.»; 3) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін, оның ведомстволарын жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жəне қаржылық есептілігінің жүйесі». 3-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне: 169-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;». 4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: екінші бөлікте: мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын: «48-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган əзірлейтін банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен нормативтік құқықтық актіні;»; 4-тармақтың алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;»; үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;». 5. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 15) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы - сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қолданылатын интернет-ресурс;»; «15) тұтынушылық банктік қарыз - ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жəне (немесе) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін банктік қарыз.»; 2) 8-бапта: 7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7-1. Банк банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті: бұрын банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нəтижесінде банктің меншігіне өткен кепіл мүлкін; банктің банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нəтижесінде банктің меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап осы баптың 9-тармағының 14) тармақшасына сəйкес банк сатып алу шартымен жалға берген тұрғынжайға қолданылмайды. Банк: өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін; осы баптың 9-тармағының 14) тармақшасына сəйкес банк сатып алу шартынсыз жалға берген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне мөлшерлес ұзартылатын тұрғынжайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті банктің меншігіне өткен күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс. Осы тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жəне бас банктің күмəнді жəне үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады. Осы тармақтың талаптары осы баптың 7-тармағында көзделген заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктердің меншігіне өткен жағдайларға қолданылмайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сəйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.»; 9-тармақта: 7) тармақша «мүлікті» деген сөзден кейін «жəне банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші - жиырмасыншы абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын: 9-2) орталық депозитарийде депоненттің атына ашылған депонент шотын (шоттарын) басқару жөніндегі қызметтерді көрсетумен;»; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) банктің меншігіне өткен тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде, оның ішінде сатып алу шартымен жалға берумен айналысуға құқылы. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты өндіріп алуды қолдану не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжай түрінде бас тарту төлемін беруі нəтижесінде тұрғынжайы банктің меншігіне өткен жеке тұлғалар ғана осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұрғынжайды жалға алушылар ретінде бола алады;»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы заңнамасына сəйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға жəне (немесе) банк-агенттің жəне (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.»; 3) 9-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату жəне (немесе) орналастыру кезінде анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті. Банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату, соның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптері басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі жəне ресімдеу стиліндегі нысанда цифрлармен көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.»; 5-тармақтың 4) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді 4) 17-1-бапта: 5-тармақтың 4) тармақшасындағы «Бейрезидент - жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);» деген сөздер «Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша, өтініш беруші уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мəліметтерді ұсынады;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Осы баптың рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісінің жəне уəкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы жөніндегі талаптары өтініш берушінің - Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының ұлттық басқарушы холдингтен Қазақстан Республикасының резидент-банкі акцияларының жүз пайызын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.»; 5-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5) 20-бапта: 3-тармақтың 2) тармақшасы алтыншы абзацындағы «саласында осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші жəне сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «жəне (немесе) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарында; жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымында осы баптың 5-1-тармағының 3-2) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;»; 5-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшінің; 3-2) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының басқару органының басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының жəне мүшелерінің;»; 5-тармақтың 6) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 6) 30-баптың 13-тармағында: екінші бөлік алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттан басқа, жеке тұлғадан бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмайтын салымды қабылдау Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізу шарты болып табылады.»; 7) 34-бапта: 3-тармақта: екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 5-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады «банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру жəне (немесе) ұзарту;»;». 5-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді төртінші бөлік «банктік қарыз шартында көзделген тəртіппен» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыз алушы - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді ұлғайтпай, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды жəне (немесе) бөліп төлеуді ұсынуы қарыз алушының келісімі болған кезде жүзеге асырылады.»; 5-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бесінші бөліктегі «банктік қарыз шартында көзделген тəртіппен» деген сөздер «банктік қарыз шартында көзделген тəртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: 5-тармақтың 7) тармақшасының оныншы - он екінші абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады «3-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті. Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдардың жəне банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»; 5-тармақтың 7) тармақшасының он үшінші - жиырма бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 5-1-тармақта: «Адам» деген сөз «Жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын; «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы» деген сөздер «кредиттік бюрода не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5.2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оған банктік қарыздар беруіне тыйым салынады. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыздар беруіне тыйым салынады, келісімді алу тəртібі жəне келісім қажет болатын банктік қарыздың ең төмен мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент-жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғадан осындай банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы емес. Жеке тұлғаның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде оған банктік қарыз беруге тыйым салу жеке тұлғаның банктік қарызы бойынша берешегін өтеу мақсатында немесе республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай шараларды қабылдайды: клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды; клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады; осындай банктік қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді; осындай банктік қарыз бойынша сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 5-3, 5-4, 5-5 жəне 15-тармақтармен толықтырылсын: 5-тармақтың 2) тармақшасының жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді «5-3. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруіне тыйым салынады. Бұл тыйым жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды. 5-4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық банктік қарыз беруге құқылы емес. 5-5. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаны биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей онымен Интернет арқылы банктік қарыз шартын жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 5-тармақтың 7) тармақшасының отыз бірінші - отыз бесінші абзацтарының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сот актілері заңды күшіне енген құқықтық қатынастарға қолданылады «15. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың банктік қарыздарымен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым екі жұмыс күні ішінде осындай əрекеттердің себептері мен салдарын жою үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға бір жұмыс күні ішінде хабар береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сəйкес құқық қорғау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы-жеке тұлғаны жəбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік үш күннен кешіктірмей: клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтата тұрады; клиенттің осындай банктік қарызы бойынша сыйақы жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тəсілмен банктік қарызды ресімдеу фактісі анықталған, заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, клиенттің банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай банктік қарыз бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды клиентке қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.»; 5-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 8) 34-1-бап мынадай мазмұндағы 11, 12, 13 жəне 14-тармақтармен толықтырылсын: «11. Тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен жəне (немесе) тұрғынжай акт бойынша берілген жəне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын кепіл беруші - жеке тұлғаның меншігінде өзге тұрғынжай болмаған жағдайларда, осындай тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өзіне осы тұрғынжайды жалға беру, соның ішінде оны сатып алу шартымен жалға беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 12. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 11-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оны қарайды жəне жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы: 1) сатып алу шартымен немесе онсыз тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасуға келісетіні туралы; 2) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасудан бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай шарт жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды. 13. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай жағдайларда: 1) өтініш беруші халықтың əлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататыны жөнінде анық емес мəліметтерді ұсынған; 2) өтініш беруші кіріс көздерінің болмауына байланысты жалға алу ақысын төлей алмайтын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |