Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Аппаратының басшысы Ғ.А. Садырбековке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|